Петр Порошенко: Украина Ресейден іргесін түбегейлі аулақ салды
Еуроодаққа еркін кіру құқын алған Украина Ресейден іргесін түбегейлі аулақ салды. Осылай деген президент Петр Порошенко мәселенің тек визаға қатысты еместігін, бұл Украинаның күллі посткеңестік кеңістіктен ажырап, кәрі құрлықтағы тарихи орнына қайта оралуы екенін айтты.
Автор: Ербол Тұрымбет
12.05.2017
Визасыз режимге қатысты заңға 17-ші мамырда Страсбургте қол қойылмақ. Бұл құжат бойынша, Украина азаматтары Еуропалық Одаққа мүше 26 елге 90 күнге емін-еркін барып келе алады. Ол үшін тек биометриялық құжат мен қалтада 45 еуросы болса жеткілікті. Айта кетейік, кәрі құрлықпен визасыз режим орнатуды Украина 2016 жылдың соңына дейін шешуі тиіс болған. Алайда миграция мәселелеріне байланысты кейінге шегеріліп келген еді.
Ресейден іргесін аулақ салған Украинаның бұл қадамына қатысты белгілі саясаттанушы Дос Көшімнің пікірін білейік. Дос мырза, Сіз тікелей байланыстасыз.
-Сәлеметсіз бе!
-Шиеленіс көптен бері жалғасып келеді ғой. Сондықтан, Еуроодақтың Украинаға мұндай мүмкіндік беруі тосын жаңалық емес шығар?
-Ұлыбритания Еуроодақ құрамынан шығарда Еуропа қалай алаңдаса, Украинаны өз қатарына тартуда да сонша мән беріп отыр. Мұның себебі неде?
-Дос мырза, үлкен рахмет! Айта кетейік, бізбен тікелей байланыста болған саясаттанушы Дос Көшім.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!