{metadescription}
Павлодарда балаларын бейтаныс адамға тастап кеткен маскүнем әйел аналық құқынан айырылуы мүмкін
Павлодарда балаларын бейтаныс адамға тастап кеткен маскүнем әйел аналық құқынан айырылуы мүмкін

Павлодарда балаларын бейтаныс адамға тастап кеткен маскүнем әйел аналық құқынан айырылуы мүмкін

Павлодарда балаларын жоғалтқан әйел полицейлерді аяғынан тік тұрғызды. Тоғжан Шақұтова қос ұлын өзі таппаған соң, 102-ге хабарласқан. 9 және 11 жастағы жеткіншектерді түнімен іздеген тәртіп сақшылары ақыры олардың бейтаныс адамдардың үйінен тапты. Сөйтсе, ішкілікке салынған шешесі оларды көшеде кездескен біреуге ұстатып, жөнімен кетіпті. Енді бұл қылығы үшін аналық құқынан айырылып, балаларымен мүлдем қош айтысуы мүмкін.

Тоғжан Шақұтова ішкен арағынан енді айыққанға ұқсайды. Қос ұлын өзі іздеп таппаған ол, 102-ге хабарласуға мәжбүр болдым дейді. Дереу оқиға орнына жеткен полицейлер аумақты түгел шарлаған. Түнімен із кезген олар ақыры балаларды маңайдағы тұрғын үйлердің бірінен тапты. Сөйтсе, анасы ұлдарын көшеде өтіп бара жатқан әйелге ұстатып кете барған екен. Онысы мас келіншектің ертеңінде есіне түскен.

Тоғжан Шақұтова, Павлодар қаласының тұрғыны:               

- У меня их не воровал никто, я просто сама отдала их.

- И забыли где?

- Почему я же знаю, я повела их туда же где они были.

- Но потом почему-то вы полицию вызвали, дети пропали?

- Потому что она не сказала в каком доме.    

Ал бейтаныс адамдардың үйінде түнеген қос жеткіншек дін аман. Бұған дейін де талай бейтаныс жерде қонып жүрген сыңайлы. Өйткені, анасынан ажырап қалғанына қорқып отырған жоқ.

Руслан Шақұтов: 

-Ол үйде тамақ ішіп, жуындық. Теледидар қарап, жеміс-жидек жедік.

Ішсе бала-шағасының қайда қалғанын білмейтін 40 жастағы әйел енді ұлдарымен мүлдем қош айтысуы мүмкін. Құзырлы орындар балаларына бұған дейін де дұрыс қарамағаны үшін істі болған оны аналық құқынан айыру мәселесін қарап жатыр.

Мария Гафурова, ювеналдық полиция инспекторы:

-Ол кезде әкімдіктегі арнайы комиссияның шешімімен сынақ мерзімі берілген болатын. Өзі ішімдікке салынған. Бұл жолы енді кешірім болмайтын шығар.

Бейтаныс адамдардың үйінде түнеген қос жеткіншек қазір арнайы орталыққа тапсырылған. Оларды жоғалттым деп тәртіп сақшыларын әуреге салған анасы болса, жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.