Қарағандыда 3 адамның өмірін жалмаған өрт туралы куәгерлер айтып берді
Қарағандыда көпқабатты үйде өрт шығып, 3 адам көз жұмды. Түтінге тұншыққан тағы екеуі ес-түссіз ауруханада жатыр.
Автор: Саят Сабдалы
12.05.2017
Өрт мына подьездегі екінші қабатта орналасқан пәтерден түнгі сағат 1-лер шамасында тұтаныпты. Сөйтіп лезде қою түтін жоғары көтерілген. Байқағандары шырт ұйқыда жатқандарды оятып далаға қашыпты. Бірақ жоғарғы қабаттағы екі пәтерде ерлі-зайыпты зейнеткерлер мен 23 жастағы қыз түтінге тұншығып жан тапсырған. Құтқарушылар тағы бір пәтерден естерінен танған 43 жастағы әйел мен оның ұлын шығарыпты. Олар қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Болжам бойынша, өрт шыққан пәтерде ешкім болмаған.
Алексей Дрожжин, оқиға куәгері:
- Бір бала әпкесін құтқарғысы келіп жүрді. Бірақ ол өліп қалған екен. Досым екеуміз құтқарушыларға денелерді алып түсуге және түтінге қақалып жатқандарды далаға шығаруға жәрдем бердік. Тұрғындар қатты шошып қалған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!