Атырауда акушерлер сот алдында жауап беріп жатыр
Атырауда акушерлер сот алдында жауап беріп жатыр. Жергілікті перзентхананың 3 қызметкері 32 жастағы Гүлдана Жекенованы босандыра алмай, ақыры баласы екеуін өлтіріп алды деп айыпталған болатын.
Автор: Жанар Низамутдинова
12.05.2017
«Кәсіби міндеттеріне салғырт қарады» деген баппен істі болған үш акушер де кінәларын толық мойындаған. Тіпті, жәбірленуші тарапқа 10 миллион теңге көлемінде материалдық көмек беріп, олардың кешірімін де алыпты. Енді прокурормен процессуалдық келісімге келуге ниетті. Еске салсақ, Гүлдана Жекенова құрсағындағы шаранасымен бірге былтыр желтоқсанда қалалық перзентханада көз жұмған. Сараптама оның ауа жетпей және жатырының жыртылып, көп қан кету салдарынан көз жұмғанын анықтады. Дер кезінде дәрігерлік көмек көрсетілгенде ана мен баланы аман алып қалуға болады екен. Осы іс бойынша құрылған арнайы комиссия да осындай тоқтамға келген болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!