{metadescription}
Алматыда ірі жол апатын жасаған прокуратура қызметкері жұрттан кешірім сұрады
Алматыда ірі жол апатын жасаған прокуратура қызметкері жұрттан кешірім сұрады

Алматыда ірі жол апатын жасаған прокуратура қызметкері жұрттан кешірім сұрады

Алматыда автобуспен соғысқан Гелендвагеннің тізгінінде болған прокуратура қызметкері апаттан зардап шеккендерден кешірім сұрап, оларға көмеутесуге тырысатынын айтты. Бұл қымбат джипті Әуезов ауданы прокурорының көмекшісі Бекзат Бөшеннің жүргізгені артынан анықталған еді. 30 жастағы жігіт жол ережесін бұзбағанын және бұрылған сәтте жақын маңда автобустың болмағанын алға тартуда. Ал апаттан зардап шеккендер бүгін жансақтау бөлімінен палатаға шығарылды. 

Бағасы пәтер құнынан кем түспейтін темір тұлпардың қатысуымен болған жол апатынан соң ел ішінде оның иесі қарапайым адам емес қой деген сөз тарап кететіні бар. Алматыда кеше ғана болған оқиға – соның тағы бір дәлелі. Яғни Мерседес Гелендвагеннің тізгінінде прокуратура қызметкері екені анықталды.

30 жастағы жігіт Әуезов ауданы прокурорының көмекшісі болып қызмет атқарады. Бекзат Бөшен мамырдың екісінен бастап еңбек демалысына шығыпты. Апат болар алдында оған жұбайы хабарласып, үйге тез келуін сұраған екен.

Бекзат Бөшен, Әуезов ауданы прокурорының көмекшісі:

-Оң жақтағы көлікті өткіздім, ол кезде автобус жоқ болды. Оңға бұрдым да, қатты соққыны сездім. Есімді жисам ұлым қозғалыссыз отыр екен. Дүкенге кіріп көмек көрсеткен соң ол есін жия бастады. Кейін жедел жәрдеммен ауруханаға кеттік.

Прокурор көмекшісі қымбат джиптің туған бауырынікі екенін айтады. Бірақ әлеуметтік желідегі жазбаларынан оның неміс автосын ұнататыны анық байқалып тұр. Бүгін ол көзіне жас алып, жұрттан кешірім сұрады.

Бекзат Бөшен, Әуезов ауданы прокурорының көмекшісі:

-Мені кешіріңіздер! Бұны болсын деген жоқпын. Автобусты шынымен байқамадым. Оның үстіне оң жақта балам отырды, баламның өмірін ешқашан қатерге тікпеймін ғой. Ал зардап шеккендерге барынша көмектесуге тырысамын.

Зардап шеккендерге расымен де көмек қажет болады. Себебі, 4 адам ауыр жарақат алған.

Қамбар Байжігітов, №7 қалалық аурухана бас дәрігерінің орынбасары:

-Бір науқасқа ота жасалды. Ол жарақаттан кейін көк бауыры езілген, қан кеткен. Қазір оның жағдайы жақсы, бөлімшеге ауыстырылды.

Ал автобусқа отырып, ауруханадан бір-ақ шыққандар соққының қатты болғанын айтады. Олардың сөзіне қарағанда, қоғамдық көлік қатты жүрген сияқты.

Сәуле Жүнісбаева, зардап шегуші:

-Мен былай кірсеңіз оң жағында от водителя екінші орында отырдым. Соққыдан кейін ең алдында есіктің алдындағы ступенькада жатыр екенмін. Сол жаққа ұшып кеттім.  

Ал тасымалдаушы компания автобустың қозғалыс ретін көрсетті. Онда №63 бағыттағы қоғамдық көліктің соңғы аялдамадан өткен соң небәрі 14 секундтың өткені бақалады. Ал жылдамдығы сағатына 57 шақырымнан аспапты.

Аталған оқиға бойынша Гелендваген жүргізушісіне 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, шамамен 35 мың теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ, ол жүргізуші куәлігінен бір жылға айырылуы мүмкін. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Ал Бас прокуратура өкілдері ішкі тергеу ісін бастаған.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде