{metadescription}
Алматылық полицейлер Шекара қызметі академиясынан ұрланған қару-жарақты іздестіріп жатыр
Алматылық полицейлер Шекара қызметі академиясынан ұрланған қару-жарақты іздестіріп жатыр

Алматылық полицейлер Шекара қызметі академиясынан ұрланған қару-жарақты іздестіріп жатыр

Алматылық полицейлер тайлы-тұяғы қалмай Шекара қызметі академиясынан ұрланған қару-жарақты іздестіріп жатыр. Бақандай он дана «Макаров» тапаншасы білім ордасынан осыдан бір жарым ай бұрын жоғалған екен. Бірақ атыс қаруларының қолды болғанын басшылар енді ғана білген. 

Оқ-дәрісі жоқ он тапаншаны оқытушылардың бірі жаттығуға пайдалану үшін қоймадан алып, кейін кафедрадағы әріптестерінің біріне бере салған. Бірақ қару-жарақты өткізгені туралы мәлімет журналға енгізілмепті. Содан бері тапаншалар ұшты-күйлі жоқ. Қолды болған қару-жарақты әскерилер өз беттерінше іздеп көрген екен. Ақыры таба алмағасын полицияға хабарлаған.   

Алмас Сәдубаев, ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры

-ҰҚК Шекара қызметі академиясында он пистолет жоғалды. Соған байланысты ІІМ сотқа дейінгі тергеу бастап отыр. Бұл оқиға атыс алаңындағы жаттығулар кезінде орын алған. Қазіргі уақытта атыс қаруының жоғалуы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ қылмысты ашуға бағытталған кешенді жедел-іздестіру шаралары да қолға алынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде