{metadescription}
Елімізде әуе билетті тағы қымбаттай түсуі мүмкін
Елімізде әуе билетті тағы қымбаттай түсуі мүмкін

Елімізде әуе билетті тағы қымбаттай түсуі мүмкін

Өйткені, Алматы әуежайы көрсетілетін қызмет үшін тарифті көтергелі жатыр. Ал бұның есесін әуе тасымалдаушылары билет бағасынан шығарып алатыны сөзсіз. Мұндағы ас-су құны онысыз да талай айтылып, жауыр болған тақырып. Әуежай басшылығы бұны реттеуге қауқарсыз екенін мойындағанымен, жолаушының соңынан қалмай ығырын шығаратын такси жүргізушілерімен күресті күшейтеміз деп отыр.

Алматы әуежайындағы аспандап тұрған ас-су бағасы талай айтылғанымен еш нәтиже жоқ. Болмайды да. Мұны әуежай басшылығы ашық мойындап отыр.

Нұрбол Бөрібеков, «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ баспасөз қызметінің өкілі:

- 2003 жылы біздің терминал соғылып жатқан кезде, ол дәмханаларды жеке кәсіпкерлер өз иелігіне алған. Сондықтан бұл әуежайдың құзырына кірмейді. Дәмханалардың бағасына әсер ету әуежайдың құзырына кірмейді.

Ас-сумен қоса енді билет құны да тағы көтерілуі мүмкін. Алматы әуежайының басшылығы көрсетілетін қызмет үшін төлемді өсіруге ниетті. Қазір билет құнының 12 пайызы әуежайға түседі екен. Ал басшылық мұны азсынып отыр.

Айбол Бекмұхамбетов, «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ президенті:

-Әуежай қызметі үшін Бішкек пен Стамбұлда әр билеттен 4700 теңге, Мәскеуде 3200 теңге, Дубайда 6400 теңге алынады. Ал, Алматыда бұл төлем 2 есе аз. Біз де тарифімізді шет елдегідей қылғымыз келеді.

Есесіне қызмет көрсету сапасы артады екен. Мәселен, қазір 17 жыл бұрын салынып, әбден ескірген ұшып-қону жолағы жөнделіп жатыр. Жолаушының қыр соңынан қалмайтын таксишілермен күрес те мықтап қолға алынбақшы. Енді, олардың іс-әрекетін бақылап, ретке келтіріп отыратын қызметкерлер болады. Ал бұған дейін айтылып келген әуежайды кеңейту немесе жаңасын салудың мүлдем қажеті жоқ дейді басшылар.

Қобыланды Тұмышев, «Алматы халықаралы әуежайы» АҚ бірінші вице-президенті:

-Жаңа нысан да билет бағасына тікелей әсер етеді. Ондай жағдайда, тағы қымбатшылық басталады. Оның үстіне, біздің әуежайда ығы-жығы адам жоқ. Қазір барып қараңызшы, терминал бос тұр. Бүгінде әуежайдың мүмкіндігінің 30 пайызын ғана пайдаланып отырмыз.

Негізі нысанның жылына 14 миллион жолаушы қабылдауға қауқары бар екен. Ал былтыр Алматы әуежайы тек 5 миллион адамға қызмет көрсеткен. Биыл бұл сан әрі кетсе жарты миллионға артады деп күтілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде