{metadescription}
 Әзірбайжан қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын қайтаратын болды
 Әзірбайжан қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын қайтаратын болды

Әзірбайжан қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын қайтаратын болды

Әзірбайжанның Халықаралық банкі қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын қайтарады. Ресми Баку осындай шешім қабылдаған. Яғни мемлекет банкті құтқаруды көздеп отыр. Сондықтан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 71 млрд теңге инвестициялық салымын қайтаруға Әзірбайжанның Үкіметі кепілдік беруде.

Акрам Гасанов, Әзірбайжан адвокаттар алқасының мүшесі:

-Әзірбайжан үкіметі банктің қарыздарын төлеп беру туралы шешімге келді. Сондықтан БЖЗҚ мен Халықаралық банкке қаржы салған басқа компанияларға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Халықаралық банк болашақта таза табыспен жұмыс істейді. Оған алаңдаудың қажеті жоқ.

Әзірбайжан Халықаралық банкінің міндеттемелерінде 3 миллиард 337 миллион доллар қарыз туралы көрсетілген. Оның 2 млд 337 млн шетелдік несие берушілерге төленуі тиіс. Аталған міндеттемелер мемлекеттің мойнына ілінгендіктен банктің Мұнай қоры алдындағы қарызы кешіріліпті. Ал өз қаржысын банкке 37 кредитор салған екен. Әзірбайжан үкіметі оларды төлеудің екі жолын қарастырған. Бірі – мемлекеттік бюджет, ал екіншісі – Мемлекеттік мұнай қорының ақшасы. Халықаралық банк Әзірбайжандағы екі ірі қаржы ұйымының бірі болғандықтан, ол банкроттыққа ұшыраса, бүкіл қаржы жүйесіне нұқсан келуі мүмкін. Бірақ отандық экономистер банкроттық жайлы сотқа жолданған өтінішті қарапайым техникалық қадам деп отыр.

Айдархан Құсайынов, экономист:

-Компания қарызды қайтару кестесіне өзгерту немесе шарттың талаптарын өзгерткісі келсе, сондай-ақ қайта құрылымдаумен айналысу үшін өздерін банкрот деп жариялайды. Бұл  дефолт кезінде жасалып отыр. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымы бойынша қаржы тек 2024 жылы қайтарылуы тиіс. Сондықтан уайымдауға негіз жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде