{metadescription}
Ақтөбеде қыздарын өлімші етіп сабап,өздеріне қол салған ерлі-зайыптыларға қатысты жаңа дерек шықты
Ақтөбеде қыздарын өлімші етіп сабап,өздеріне қол салған ерлі-зайыптыларға қатысты жаңа дерек шықты

Ақтөбеде қыздарын өлімші етіп сабап,өздеріне қол салған ерлі-зайыптыларға қатысты жаңа дерек шықты

Ақтөбеде 7 жасар қызын өлімші етіп сабаған ерлі-зайыптылар өздеріне қол салды. Кристинаның әкесі Владимир Шустер мен өгей шешесі Әсел Дүйсенбаева ауыл шетіндегі биік мұнарадан секіріп кеткен. Таныстары мұндай жағдайға олардың өкініштен барғанын айтып отыр. Еске салсақ, бұл екеуі қаршадай қыздарын сабап, тіпті қараңғы бөлмеге қамап, қорлаған болатын. Қазір Кристина ауруханада, ал өгей шешесінің төркіні мұнарадан секіріп өлген екеудің жаназасына дайындалып жатыр.

-Бұл Қурайлы ауылы Ақтөбеден 15  шақырымдай жерде орналасқан. Елді-мекен шетіндегі мына мұнараға шыққан ерлі-зайыптылардың қылығы мұндағы жұрттың зәресін алды.

Владимир Шустер мен азаматтық некедегі әйелі Әсел Дүйсенбаева кеше түс қайта үйлерінен шығып осында келген. Сатымен өрмелеп, темір жақтауына отырып алыпты. Тәртіп сақшылары мен құтқарушыларға да көнбеген. Тіпті психологтардың өздері ерлі-зайыптыларды екі сағат бойы райларынан қайтара алмады. Ақыры екеуі де биіктен секіріп кеткен. 

Татьяна Бочко, Қурайлы ауылының тұрғыны:  

-Вова бірінші секірді. Сосын артынша Әсел құлады. Мен сол маңға барғанда көп адам жиналып қалған. Марқұм келіншектің анасы да болды. Оларға ақымақ болмай түсіңдер деп айтып жатты.

Мұнарадан секірген ерлі-зайыптыларға қатысты кеше ғана қылмыстық іс қозғалған болатын. Өйткені олар жеті жасар қыздарын соққыға жығып, қараңғы бөлмеге қамап қойған. Әсіресе, өгей шешесі күн көрсетпепті. Қазір Кристина ауруханада ем алып жатыр. Оны асырап алуға әкесінің туыстары ниет білдірген екен.

Ақырыс Шағырова, Ақтөбе қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісі:

-Әкесінің Алена деген әпкесі бар. Сол асырап алғысы келіп отыр. Енді құжат дайындайды. Кристинаны бейімдеу орталығына жібермейміз. Өзі күйзелісте жүрген қызды туысының бауырына басқаны жөн деп шештік.

Ал өздеріне қол салған ерлі-зайыптының жаназасына марқұм келіншектің төркіні әзірленіп жатыр. Бірақ денесін әлі мәйітхана бермепті. Көңіл айтып келіп жатқандардың да пікірі екіге жарылған. Бірі аяп жатса, өзгелері қаралап жатыр. Әсіресе, қарашадай қыздың қорлығы туралы тәртіп сақшыларына хабар берген көршілерінің өкпесі тарқамапты.

- Өтірік айтып не істейін. Баланың қарғысы жібермейді ғой.

Қазір бұл оқиғаны тәртіп сақшылары тексеріп жатыр. Адамды суицидке итермелеу бабы бойынша қылмыстық іс те қозғалған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде