{metadescription}
Өскеменді басып қалған түтіннің неден шыққаны белгілі болды
Өскеменді басып қалған түтіннің неден шыққаны белгілі болды

Өскеменді басып қалған түтіннің неден шыққаны белгілі болды

Бүгін бүкіл Өскеменді қою қара түтін басып қалды. Бұған жылу-электр станциясындағы өрт себеп.

От жөндеу жұмыстары жүріп жатқан кезде тұтанған. Қосымша қазандықтың шатыры мен бір ғимараты толықтай жанып кетті. Қызыл жалын 550 шарты метр жерді шарпыған.  80 өрт сөндіруші 20 техникасымен тілсіз жаудың бетін бір сағат дегенде әрең қайтарды. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына келген шенеуніктер қою қара түтіннен зәресі ұшқан жұртты сабырға шақырды.

Ержан Қоңырбаев, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары:

-Тұрғындарға алаңдайтын ештеңе жоқ. Өскемен жылу электр станциясының бұл бөлігі жұмыс істемей тұрған. Мұнда құрылыс жүргізіліп жатқан еді. Қалған 6 секциясына ешқандай зиян келген жоқ. Ауаға да улы заттар тарамады.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде