{metadescription}
Министр Дүйсенова зейнетақының қалай өсетінін айтты
Министр Дүйсенова зейнетақының қалай өсетінін айтты

Министр Дүйсенова зейнетақының қалай өсетінін айтты

Елімізде екі жылда зейнетақы екі есеге артады. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі тұрғындардың зейнетақысын үш кезеңге бөліп өсірмек. Бүгін Мәжіліс әлеуметтік төлемдерге қатысты сол заңды мақұлдап берді.

Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

-Бірінші кезеңді  жылдың басында бастадық. Яғни, ынтымақтастырылған зейнетақыны 9 пайызға, базалық зейнетақыны 7 пайызға көтердік. 2017 жылдың 1-шілдесінен бастап екі зейнетақыны да 20 пайызға дейін көтереміз. Және тағы да қосымша ынтымақтастырылған зейнетақы 11 пайызға, базалық зейнетақы 13 пайызға көтеріледі.

Сонымен, биыл ең төменгі зейнетақы 45 мың 751 теңге, ал орташа зйнетақы 66 мың 672 теңге болады. Келесі жылы 1-ші қаңтардан  бастап күн көріс деңгейінің өзгеруіне байланысты базалық зейнетақы тағы 16 пайызға көтерілмек. Ал 2018 жылы шілдеден зейнетақы әр адамның еңбек өтіліне немесе зейнетақы жүйесіне қатысқан жылдарына қарай белгіленеді. Сөйтіп, зейнетақы екі есеге көтеріледі екен. Бұған қоса, дүниеге келген үшінші балаға төленетін жөргек пұл да 82 мың теңгеге өседі. Төртінші бала туғандарға 142 мың теңге беріледі. Сондай-ақ, мүгедек бала асырап отырған ата-аналарға бөлек жәрдемақы төленетін болды. Ол үшін биыл бюджеттен 81 миллиард теңге жұмсалмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.