Жезқазғанда судьямен келіспеген кенші өзін сот ғимаратында пышақтап тастады
Жезқазғанда - шыққан шешіммен келіспеген қала тұрғыны тура сот ғимаратында өзін пышақтап тастады. Жас жігіттің бұлай оқыс қимылға баруына, «Қазақмыс» корпорациясына қарасты шахтадағы жұмысынан шығып қалуы себеп болған.
Автор: Саят Сабдалы
17.05.2017
28 жастағы жігіт өзін жұмыстан заңсыз шағарды деп, «Қазақмыспен» соттасқан. Жезқазған қалалық соты да оның арызынын қанағаттандырыпты. Алайда, корпорацияның аппеляциялық арызы бойынша облыстық сот бірінші шешімнің күшін жойған. Бұған ашуланған кенші бүгін сот ғимаратына келіп, төрағасымен кездесуді талап етіпті. Ақыры дегені орындалмағасын, оқыс қадамға барған. Денесін бірнеше жерден кескілеп, қан жоса қылған жігіт жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!