{metadescription}
Депутаттар зейнетақы қорының кезекті былығын ашты
Депутаттар зейнетақы қорының кезекті былығын ашты

Депутаттар зейнетақы қорының кезекті былығын ашты

Басынан дауы арылмаған Зейнетақы қорының тағы біраз лауазымды қызметкерлері жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бүгін мәжілістегілер халықтың қасықтап жинаған ақшасын шелектеп төккендерді жазалуды талап етті. Ұлттық банк төрағасына сауал жолдаған депутаттар қордың инвестициялық саясатын да бір сүзгіден өткізу керек дейді. Өйткені Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылардың ақшасын қаржылық жағдайы мәз емес банктерге сеніп тапсырған көрінеді.

-Зейнетақы қорындағы дау-дамайға депутаттар да араласа бастады. Банкрот болған Әзірбайжан банкіне 71 миллиард теңге құйып жіберген қордың жұмысын Мәжілісте Азат Перуашев қатаң сынға алды.

Депутат халықтың ай сайын аузынан жырып беретін ақшасы тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кетіп жатыр дейді. Сондықтан, бүгін Ұлттық банк төрағасына сауал жолдап, миллиардтарды желге ұшырған басшыларды жауапкершілікке тартуды ұсынды.

Азат Перуашев, Мәжіліс депутат:

-Сосын құнды қағаздар мен облигацияларды орналастыруда банктердің халықаралық рейтингін қадағалап, төмен болған жағдайда оған инвестиция құюға тыйым салу керек. Одан кейін қордың инвестициялық портфелін толық тексеріп, күмәнді банктердегі құнды қағаздардан тазарту қажет.

Перуашевтың айтуынша, зейнетақы қорындағы қыруар қаржы қазір сенімсіз қолда екен. Өйткені рейтингі ең төмен банктерде салымшылардың 160 миллиард теңгесі сақталған. Ал 60 миллиард теңгенің құнды қағаздары қаржылық ахуалы мүшкіл мекемелерге салыныпты.

Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты:

-Ең қызығы бұл жағдай Әзірбайжан банкіне ғана қатысты емес. Мәселен екінші деңгейлі банктердің салған ақшасына қарасақ, ең көп ақшаны зейнетақы қоры ең рейтингі төмен банктерге салып отыр екен. Ал рейтингі жоғары банктерге 70 есе аз ақша салып отыр.

Ал шенеуніктер, тағы сол алаңдауға негіз жоқ дегеннен танбай отыр. Еңбек министрінің айтуынша, ай сайын аударылатын ақша заңмен қорғалған. Сондықтан қордағы қаржы күйіп кеткен күннің өзінде зейнетақыны мемлекет төлеп береді дейді Тамара Дүйсенова.

Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

-Әр азамат зейнеткерлікке шыққан кезде 20 жыл, 40 жыл салды ма соның жыл сайынғы инфляциясы есептелініп береді. Егер бүгін зейнетақы қорының инвестициялық табысы кем болса сол кем табысты мемлекеттік бюджет толықтырып беруі керек.

Алайда қордағы желге ұшқан ақшаларды қазына есебінен қайтаруға депутаттар қарсы. Сондықтан халық қалаулылары зейнетақы жүйесін бәскелестік ортаға беру керек дейді.

Ал осы дауға байланысты бұған дейін буған аузын ашпаған Ұлттық банктегілер енді Перуашевтың депутаттық сауалына міндетті түрде жауап беруі тиіс.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде