{metadescription}
ҰҚК мен ІІМ арнайы операциясы: Мұнай ұрлығына қатысы барлардың кім екені анықталды
ҰҚК мен ІІМ арнайы операциясы: Мұнай ұрлығына қатысы барлардың кім екені анықталды

ҰҚК мен ІІМ арнайы операциясы: Мұнай ұрлығына қатысы барлардың кім екені анықталды

Елімізде мұнай ұрлығына қатысты кезекті атышулы тұтқындау! Бұл жолы да Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігі қара алтынды заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топ мүшелерін қолға түсірді. Бірлескен арнайы операция еліміздің бірнеше ірі қаласында бір мезетте өткен. Ұсталғандардың ішінде Қызылорда облысының көлік прокуроры да бар. Бірақ Бас прокуратура оның 25 сәуірде өз еркімен жұмыстан кеткенін мәлімдеді.

-Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігінің бірлескен арнайы операциясы еліміздің үш қаласы: Шымкент, Қызылорда және Таразда өтті. Сондықтан күдіктілер бір-біріне хабар беріп қоймасы үшін күш құрылымдары бір мезетте шабуыл жасап, 8 адамның қолына кісен салған.

Мәселен,бұл Тараздағы «Қарамай Ойл» зауыты. Мына қадрлерден арнайы жасақтың сол кәсіпорынға басып кірген сәтін көруге болады. Мұздай қаруланған сарбаздар заңсыз мұнай бизнесінің серкелерін осы жерде ұстаған.

Осы кезде Қызылорда қаласында да ауқымды операция өтіп жатты. Қару асынған арнайы жасақ сезіктілердің үйіне жеке-жеке барып, барлығын қолға түсірді. Арасында хан сарайындай үйде тұратын қылмыстық топтың серкесі Кенжетай Басқараев бар. Мәліметтерге қарағанда, қара алтын ұрлығын ұйымдастыруға осы адам  жетекшілік еткен. Ол сыбайластарымен бірге қазір тергеушілерге жауап беріп жатыр. 

-Атыңыз кім?

-Кенжетай.

-Машинадан шығыңыз!

Қолға түскендердің арасында ұрланған қара алтынды сатып алғандар да бар. Арнайы жасақ оларды ұшақпен іздеп тауып, айдаладан тоқтатып алды. Цистарнасына мұнай толтырып алған олар қара жолмен қашып кетпек болған.  Арнайы операция Шымкентте де жүрді.Сарбаздар мұнда Кенжетай Басқараевтың қылмыстық тобындағы адамның қолына кісен салды. Мауыт есімді ер адам мұнда мұнай өткізу туралы басшысының тапсырмасын орындап жүр екен.

Мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз сатып алу, тасымалдау, сақтау және сату дерегі бойынша бірнеше қылмыстық топтың мүшелері ұсталды. Оларды тұтқындау үшін 20-дан астам мекен-жай бойынша тінту жүргізілді. Соның ішінде Қызылордадағы «КАИС-сервис» және Тараздағы «Қарамай Ойл» серіктестіктері бар.

Қылмыстық топ мүшелерінің осы уақытқа дейін еркін тайраңдауы бекер емес екен. Қолды болған мұнайды тасымалдап сату үшін олар лауазымды қызметкерлермен ауыз жаласқан. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысының көлік прокуроры Нұрлан Серікбаевтың да қолына кісен салды. 40 жастағы полковник қылмыстық топқа қолдау көрсетіп, заңсыз істеріне көз жұма қараған. Мұнай ұрлаумен айналысқан дәл осындай қылмыстық топ 5 ай бұрын Ақтөбеде де қолға түскен болатын. Оны «ағайынды төртеу» деген атпен белгілі мафияның серкесі Еркін Ізбасаров басқарған. Қылмыстық топ қара алтын ұрлап-сатып, түскен қаржыға лаңкестерді қаржыландырған деп айыпталуда.

Енді Ұлттық қауіпсіздік комитеті екі қылмыстық топтың бір-бірімен байланысы бар жоғын да жіті тексермекші. Әзірге бүгін қолға түскен күдіктілерге тиесілі  зауыттың есігіне мөр басылып, тергеушілер барлық құжаттарды тәркілеп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде