{metadescription}
«Бала дауысы» - Алматыда!
«Бала дауысы» - Алматыда!

«Бала дауысы» - Алматыда!

Бүкіл ел бақылап отырған балалар ән байқауына іріктеу мұнда түн ортасына дейін жалғасатын түрі бар. Өйткені, музыкалық жобаға қатысуға алты жүзге жуық жеткіншек келген. Десе де, оның тек біреуі оңтүстік астананың атынан «Бала дауысына» қатыса алады. Үміткерлер мұншалықты көп болады деп күтпеген қазылар алқасы мұрнынан шаншылып енді қалай да сол талантты табуға тырысып жатыр. 

Оқушылар сарайы бала-шағадан аяқ алып жүргісіз. Жан-жақтан жаңғырған шудан құлақ тұнады. Бұлардың барлығы «Бала дауысына» іріктеуге келгендер. Қазылар алқасынан бұрын ата-аналарының алдында ән шырқап жаттығып жатыр.

Күлайша Сабырбаева, Алматы қаласының тұрғыны:

-Соңғы дайындықтар жүріп жатыр. Вокалдан сабақ алып жатырмыз.

Ал ең кішкентай қатысушының жасы небәрі - жетіде. Десе де, олар да еш қысылмай жүр. Тіпті, сахна жұлдызына тән өздерін еркін ұстап, дәліздің қақ ортасында ән шырқады.

Әмина Әбділбекова, «Бала дауысы» байқауына қатысушы:

-Байқауды ұйымдастырған адамдарға өте алғысымды білдіремін. Екінші турға өткеніме өте қатты қуаныштымын!

Дегенмен, қобалжығандар да жетерлік. Қазылар алқасы алдына шыққандардың көбі жаттаған әнін ұмытып, енді бірі сынақтан өтпей қалдым деп жылап қалып жатыр.  

Фарида Ниязова, продюсер:

-Балалардың арасында іріктеу өткізу қиынның қиыны. Әсіресе, жылай бастағанда не істерімізді білмей қаламыз. Ата-аналары да реніштерін білдіріп жатады. Десе де, 600 баланың бәрін ала алмаймыз. Байқау болғандықтан, бізге шынымен де талантты балалар қажет.

Ал байқау шарты бойынша 600 баланың ішінен қазылар алқасы тек біреуін таңдауы тиіс. Ол жеткіншек қазанның 27 мен 29 аралығы өтетін «Бала дауысы» супер финалында Алматының атын қорғайды. Бала санының көптігіне байланысты іріктеу бүгін түн ортасына дейін созылатын түрі бар. Ал бұған дейін байқау Павлодар мен Өскемен қалаларында болып өтті. Ертең қазылар алқасы Таразға аттанады. Айта кетейік, жобаның авторы әрі бас продюсері – Әлия Назарбаева. Сайысқа қолдау көрсетіп жатқан «Жандану әлемі» қоры мен Тұңғыш Президент қоры.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде