{metadescription}
Сириядағы қантөгісті тоқтатуға арналған келіссөздер Елордада жалғаса беретін болды
Сириядағы қантөгісті тоқтатуға арналған келіссөздер Елордада жалғаса беретін болды

Сириядағы қантөгісті тоқтатуға арналған келіссөздер Елордада жалғаса беретін болды

Бұған дейін ЭКСПО көрмесіне байланысты жиынның 5-ші раундын Алматыда өтуі мүмкін екені айтылған.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Келіссөздердің уақыты немесе өтетін орыны ешқайда ауыстырылмайды. Өйткені, еліміздің ЭКСПО көрмесімен қатар өзге де маңызды шараларды өткізуге шамасы жетеді. Сондықтан Астана келісім алаңы болып қала бермек.

Ал келіссөздердің өзі шілденің ортасына таяу жоспарланған. Әзірге нақты күні белгісіз. Бірақ кезекті басқосудың ЭКСПО-ға тұспа-тұс келетінін ескерсек, оған дайындық басталып та кеткен. Бұған дейін Сириядағы қарулы қақтығыстарды тоқтату туралы төрт мәрте келіссөз өткен болатын. Тараптар нақты келісімге келмесе де оқ атылмайтын қауіпсіз төрт аймақ құру туралы меморандуға қол қойды. Алайда, Астанада отырысқа қатыспай шу шығарған оппозиция өкілдері де, Асадтың жақтастары да атысты әлі тоқтатқан жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде