{metadescription}
0:000:00
Шетел асқан зейнетақы қорындағы ақшаны қайтаруға отандық дипломаттар кірісті

Шетел асқан зейнетақы қорындағы ақшаны қайтаруға отандық дипломаттар кірісті

Зейнетақы қорынан Әзірбайжан банкіне инвестиция ретінде  құйылған 71 миллиард теңгені қайтаруға отандық дипломаттар кірісті. Еліміздің Сыртқы Істер министрі Бакудегі елшілікке бұл мәселені бақылауға алуға тапсырған. Бірақ Әзірбайжан банкінің банкрот алдында тұрғанын ескерсек, салымшылардың мол ақшасының кері қайтары халықтың күмәнін туғыза бастады. Оның үстіне Зейнетақы қорының қаржысын шетелге аударуға жауапты Ұлттық банк мәселенің ашығын айтпай отыр.

-Шетел асқан зейнетақы қорындағы қыруар қаржының тағдыры ешкімді ойландырмайтын сияқты. Өйткені жауаптылар кінәні бір-біріне ысырып, бірнеше күннен бері нақты ештеңе айтпай отыр. Осы кезде қарттығым қамсыз өтсін деп айлығынан 10 пайыз жырып беріп отырған адамдардың күмәні күн сайын артып барады.

Зейнетақы қорының басшылығы да бүгін ғана қалың ұйқысынан оянғандай. Бірақ миллиардттарға басымен жауапты басқарма төрайымы мандытып ештеңе айтқан жоқ. Атышулы істерімен елдің есінде қалған Нүрбибі Наурызбаева сүттен ақ, судан тазамын деп отыр.

Нұрбибі Наурызбаева, «Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ басқарма төрайымы:

-Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшылығы жиналған зейнетақы активтерін басқара алмайды. Яғни, салымшылардың ақшасын инвестициялауға немесе өзге де қаржылық тетіктерге жұмсауға құқы жоқ. Заң бойынша мұндай операцияны тек Ұлттық банк істей алады.

Яғни "аш бәледен қаш бәленің“ кері. Наурызбаева кінәні ысырған Ұлттық банк болса әлі үнсіз. Осыған қарағанда төраға Данияр Ақышев, Әзірбайжан банкіне құйылған 71 миллиард теңгені қалайда алып шығумен  басы қатып жатқан секілді. Оның оңайға соқпайтын түрі бар. Сондықтан даулы іске енді отандық дипломаттар да араласа бастапты.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

-Бұл өте қиын жағдай. Ақшаны қайтару үшін біз дипломатиялық жолмен Әзірбайжанның қажетті құрылымдарымен тығыз байланыс орнатамыз.

Елден шығатын әр тиынды бақылап отыруы тиіс Қаржы министрінің де, бұл даудан өзін аулақ ұстағысы келеді.

Бақыт Сұлтанов,  ҚР Қаржы министрі:

-Бұл топ менеджерлердің жауапкершілігінде ғой. Әрине, бұл мәселені қараймыз. Айтамыз бәрін.

Банкрот алдында тұрған Әзірбайжан банкінің хәлі өте аянышты. Енді шетелдік салымды қайтару үшін өз Үкіметінен көмек сұрап отыр. Қаржылық операциялардың ұзақ уақыт алатыны тағы бар. Сондықтан Әзірбайжан банкіне зейнетақы қорынан құйылған 71  миллиардтың Қазақстанға жақын арада қайта қоярынан үміттен көрі, күдік басым.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

09 наурыз

08 наурыз

07 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде