«Алтын қалам» және «Дарабоз» әдеби жүлделері біріктірілетін болды
Биыл Алашорданың 100 жылдығына арналған шығармалар байқауы балалар әдебиеті мен детектив жанрын дамытуға күш салып отыр.
Автор: Ербол Тұрымбет
19.05.2017
Өйткені елімізде балалар әдебиеті кенжелеп қалған. Мәселен, Жазушылар Одағына мүше 800-ге тарта ақын-жазушының 29-ы ғана осы тақырыпқа қалам тартады екен. Ал детективтер жоқтың қасы. Жалпы, байқаудың өзі 9 аталымнан тұрады. Олардың арасында Алашорданың 100 жылдығы мен «Дарабоз» балалар әдебиеті жүлдесі бар. Сондай-ақ, Есенжол Домбай атындағы жылдың үздік сатирасы мен шетел авторлары аталымдары алғаш рет өткелі отыр. Шығармалар қазақ және орыс тілдерінде қыркүйектің 15-іне дейін қабылданып, оған оқырмандар ғаламтор арқылы дауыс береді. Дауыс берудің мобильдік нұсқасы да қарастырылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!