{metadescription}
Қарағандыда интернеттегі биржаға қатысқан жұрт ақшасынан айрылып қалды
Қарағандыда интернеттегі биржаға қатысқан жұрт ақшасынан айрылып қалды

Қарағандыда интернеттегі биржаға қатысқан жұрт ақшасынан айрылып қалды

Қарағандыда биржадағы саудаға қатысқан тұрғындар алаяқтарға алдандық деп байбалам салып отыр. Ғаламтор арқылы пайда табу үшін ол делдал компанияның көмегіне жүгінген екен. Алайда тұрғындар еш келісім-шартсыз солардың есеп-шотына қаражаттын аудара берген. Алғашқы бір-екі айда үстеме ақы алғанына алданып, компанияға тіпті тамыр-таныстарын тартыпты. Енді 90 мың доллардан аса ақшасынан айырылған 40 адам не істерін білмей дал болып жүр.

Мынау – Қарағандылықтарды тақырға отырғызған «Клондаик капитал» деп аталатын жобаның ғаламтордағы тұсаукесер бейнеролигі. Жоба авторы Ерқанат Бейсенбинов, ал жетекшісі Айнаш Бәйтелова. Роликті көрген адам аз уақытта ақшаның астында қалатынына иланбай қоймайтын тәрізді. Ал бүгін жиналған мына жұрт осы компанияның есеп-шотына әрқайсысы 2-ден 15 мың долларға дейін салып жібергенін айтып тұр.  

Талғат Кәрімов, Қарағанды қаласының тұрғыны:

-Ракета түріндегі суреттерді жіберді. Салған ақшаларыңыз биікке тез көтеріледі деді. Біз соған сеніп қалдық. Ал кейін бізбен сөйлеспей қойды,телефонын көтермей. Ақыры мен ештеңеге жауап бермеймін деді.

Айнаш Бәйтелованы алданғандар кейін қаладағы мейрамханадан кездестіріп қалыпты. Көрген жерде сұрақтың астына алған. Бірақ, баяғы жартас сол жартас.

-Айнаш, ақша қайда? Ол кімнің қалтасына түсті?

-Айнаш, біздің ақшамызға пәтер сатып алғаныңыз рас па?

Асхат Малдыбаев, заңгер:

-Азаматтарға ай сайын салған ақшасынан 10-нан 50 пайызға дейін пайда көресіңдер деген. Бірақ ақырында ақшаларының барлығынан айырылып отыр. Бұл азаматтардың өз ақшаларын қайтарып алуы қаншалықты мүмкін екенін айта алмаймын.

Ғаламторда болмаса, белгілі мекен-жайы жоқ компанияны табу қиын. Тіпті қазір ұйымның атауын өзгертіп, жарнамасын жалғастырып жүрген көрінеді.

Заңгерлердің айтуынша, әлгі компания биржадағы саудаға қатысқан күнде де инвесторлармен келісімнің болмауы жағдайды қиындатады. Тіпті жұрт аударған ақшасының қайда кетіп жатқанын қадағаламапты. Сондай-ақ, ғаламтор арқылы бүкіл ел аумағында үгіт насихат жүргізген олардың қармағына ілінгендердің қатары Қарағанды тұрғындарымен шектелмеуі де мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде