Талдықорғанда Алашорда Үкіметінің 100 жылдығына орай ат шаптырып, ас берілді
Ипподром сахнасында түрлі ойындар көрсетіліп, ән де шырқалды.
Автор: Ақтөре Тынышбеков
22.05.2017
Дала төсін дабылдатқан дүлділдердің дүбірлі даусы осылайша естілді. Құнан бәйгеде Жамбыл ауданынан келген Бауыржан Әміржановтың үш айналым бойы алдына қара салмаған Зымыран атты тұлпары мәре сызығын бірінші кесті. Ал топтық жарыс – аламанда талдықорғандық Ербол Сәдуақасовтың Сұлтан атты тұлпары озды. Айта кетейік, биыл елімізде Алашорданың 100 жылдығы атап өтіліп жатыр. Қазақтың азаттығы үшін күрескен бұл қозғалыс бар-жоғы 3 жыл ғана жұмыс істеді. Солай бола тұрса да, алашордашылардың ұлт үшін орасан еңбек еткені тарихтан мәлім.
Жақсылық Үшкемпіров:
-Алашорданың 100 жылдығы қарсаңына бүкіл халық жиналып отыр. Оның бәрін кім екенін біз ұрпаққа түсіндіріп айтамыз. Бабаларымыз осылай еңбек етпесе, осылай ұрпағын ойламаса біз бұл күнге жетпес едік. Сондықтанда бабаларыма тағзым етемін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!