{metadescription}
Оралда Мәншүк Мәметованың монументі құлатылды
Оралда Мәншүк Мәметованың монументі құлатылды

Оралда Мәншүк Мәметованың монументі құлатылды

Оралда Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың 30 жыл бұрын орнатылған монументі құлатылды. Есесіне шенеуніктер орнына құны 139 миллион теңге болатын «Қазақ халқының даңқты қыздары» атты ескеркіш орнатпақшы. Жаңа туынды Мәншүк Мәметовамен қатар, Әлия Молдағұлова мен Хиуаз Доспановаға да арналады.

Шенеуніктердің айтуынша, ескерткішті ауыстыру мәселесін о бастан тұрғындардың өздері көтерген. Осылайша республикалық байқау ұйымдастырған олар, ең үздік туындыны таңдап та қойыпты. Үш батыр қызға арналған мүсін қазір Астанада жасалып жатыр. Жақын күндері Оралға жеткізілуі тиіс. Ал шаһар көркіне айналып үлгерген Мәншүк Мәметованың монументі қазір қайта жөндеуге тапсырылған. Бұдан соң ол пулеметшінің туған өлкесі Бөкейорда ауданына жіберіледі деп жоспарлануда. 30 жыл бұрын тұрғызылған ескерткіштің әбден тозғанын айтқан шенеуніктер оны ауыстырудан басқа амал қалмады деп отыр. 

Талап Жүсіпқалиев, БҚО тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясының директоры:

- Арнайы комиссия кемшін тұстарын анықтады. Мәселен, жыл сайын боялатын ескеркіштің материалдары тозып кеткен. Сондықтан монументті ауыстырып, қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде