Білім министрлігі түлектерге мейрамханаларда қоштасу кешін жасауға тыйым сала алмайтынын айтты
Білім министрлігі мектеп бітіру кештеріне деп ақша жинауға түбегейлі қарсы. Дегенмен, шенеуніктер түлектерге тыйым сала алмайды екен. Вице-министр жылда дәстүрлі түрде қайталанатын науқанға қатысты осындай пікір білдірді.
Автор: Жәудір Оразхан
22.05.2017
Бибігүл Асылова, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:
-Біз ешкімге тыйым сала алмаймыз. Бірақ, ақылы қызметтің бәрі нақты белгіленген. Сондықтан, мектеп қабырғасында ақша жинауға қарсымыз. Жақында ата-аналар жиыны болды. Осы аптада да түсіндіру жұмыстарын жалғастырамыз.
Қазір еліміздегі түлектер ҰБТ-мен қатар мектеппен қоштасу кештеріне қызу дайындалып жатыр. Жылда бітірушілер аттестат алған күні естен кетпестей сауық-сайран құруға тырысады. Әсіресе, қалалардағы оқу ордаларындағы оқушылар зәулім мейрамхана жалдап, қымбат көйлек киіп жарысады. Ал бұл ата-ана үшін үлкен шығын. Сондықтан, Білім министрлігі аймақтарда арнайы жиын өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр екен. Сондай-ақ, министрліктегілер мектептерді жөндеу жұмысы толық әкімдіктің мойнында екенін ескертті. Ол үшін жергілікті бюджетте қыруар қаржы қаралған. Яғни, ата-аналар бір тиын да жинауға міндетті емес.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!