Елімізде сәби туған бойда балабақшаға жазылмақ
Елімізде енді кішкентай ұл-қыздарды балабақшаға беру үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Өйткені, сәби туған бойда автоматты түрде жақын маңдағы бөбекжайға кезекке тұрғызылмақ.
Автор: Досжан Маратұлы
23.05.2017
Ал, ата-аналар тізімнің жылжуын интернет арқылы бақылай алады. Азаматтарға арналған үкімет корпорациясы осы арқылы қағазбастылықты азайтып, мектепке дейінгі мекемеге кезекке тұрудың ашықтығын қаматамасыз етпек. Жаңа бастама келер жылдан бастап іске асады. Бұдан бөлек, корпорация медициналық сақтандыру аясында ауруханаларға тіркеуге тұруды да жеңілдетпекші. Ол үшін клиникаларды аралаудың қажеті жоқ. Құжаттармен халыққа қызмет көрсету орталықтарына келсе жеткілікті.
Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:
-2018 жылдың 1-ші қаңтарына дейін келіп тіркелуіңізді сұраймыз. Бұған ешқандай кедергі болмайды. Біздің мамандар бәрін біледі. Бүкіл құжаттармен қамтылған. Бәрін ұйымдастыруға болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!