{metadescription}
Семейде алаяқ тұрғындардың құжатымен несие рәсімдеген
Семейде алаяқ тұрғындардың құжатымен несие рәсімдеген

Семейде алаяқ тұрғындардың құжатымен несие рәсімдеген

Семейде өзін құрылыс мекемесінің өкілімін деп таныстырған азамат, оннан астам құрлысшыны сан соқтырған. Жұмысқа қабылдау үшін деген желеумен құжаттарының көшірмесін жинап алыпты. Алайда, жұмыс емес, ғаламтор арқылы онлайн несие рәсімдеуге қолданған көрінеді.

Бауыржан Бадиев, Семей қаласының тұрғыны:

-Ол жігіттерді танымаймыз да. Олар бұл жақта мүлдем тұрмайды ғой деймін. Алдап бізден құжат алғанда, сыртымыздан несие рәсімдеп тастаған.

Осылайша, бір жыл бұрынғы онлайын несиеге алған 10 мың теңге күн санап өсіп жатыр. Қазір әрқайсысының берешектері 100 мың теңгеден асып кеткен. Ал, өздері бұл қарыздарын несие компаниялары хат жолдап, хабарласқанда бір-ақ біліпті. Алғашында оған сенбей, несие тарихтарын халыққа қызымет көрсету орталығанан тексерген екен. Сол сәтте ғана көз жеткізген. Сондықтан олар алаяқтың құрбаны болғандарың саны 15 адаммен шектелмеуі мүмкін дейді. Ал берешек болып қалған жұмысшылар құзырлы органдарға шағым түсірді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде