Есеп комитеті бюджеттен бөлінген ақшаға үй салмағандардың атын атады
Бөлінген ақшаға, үй салмаған! «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына қарасты компаниялар мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген 60 миллиардтан астам ақшаны игере алмапты. Қыруар қаражат халық үшін қол жетімді баспана салуға бөлінген болатын. Алайда, топ-менеджерлердің қателігінен пәтерлер салынбай қалған.
Автор: Азамат Алдоңғаров
23.05.2017
Халида Қамбарова, Есеп комитетінің мүшесі:
-Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2011-2012 жылдарға қаржы қорын толықтырып, «Қол жетімді баспана 2020» бағдарламасын несиелендіруге бөлінген 21 млрд 700 млн теңгені игермеген. Салдарынан 161 мың шаршы метр тұрғын үй халыққа ақыры жеткен жоқ.
Сондай-ақ, Қазақстан ипотекалық компаниясы 26 млрд 300 миллионның 176 мың шаршы метрін және жемқорлық дауымен аты шыққан «Бәйтерек девелопмент» «Нұрлы жол» бойынша 14 млрд теңгенің 79 мың шаршы метр баспанасын салып бітірмепті. Үш компания бірігіп, 416 мың шаршы метр әлеуметтік үйді халық қолданысына бермеген. Осы кезде, топ-менеджерлердің қаржыны сауатты жұмсай алмауының кесірінен, мыңдаған адам тиесілі пәтерлерін күтумен жүр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!