{metadescription}
Англияда оқып жүрген қазақ жастары жойқын жарылыстан қалай аман қалғандарын айтты
Англияда оқып жүрген қазақ жастары жойқын жарылыстан қалай аман қалғандарын айтты

Англияда оқып жүрген қазақ жастары жойқын жарылыстан қалай аман қалғандарын айтты

Осы "Болашақ" бағдарламасымен Англияда оқып жүрген қазақ студенттері лаңкестік құрбаны бола жаздады. 6 отандасымыз жойқын жарылыс болған Манчестер аренадағы концертке барған екен. Қайта, ешқайсысы зардап шеккен жоқ дейді еліміздің Сыртқы істер министрлігі. Жалпы, лаңкестік шабуыл 22 адамның өмірін жалмаған. Жанкешті америкалық әнші Ариана Гранденің концертінің аяқталуын күтіп, қалың көрермен орнынан тұра бергенде бомбаны іске қосыпты. Дүрбелеңде жұрт бірін-бірі таптап, салдарынан жарақат алғандар да көп.              

Бұл – концерт соңындағы қорқынышты көрініс. Бірінен кейін бірі қайталанған жарылысты естіген жұрт стадионды басына көтеріп айқайлап, шыға беріске қарай ұмтылған.   Ал бомба «Манчестер Арена» кешенінің дәлізінде жарылыпты. Салдарынан 22 адам қаза тапқан. Тағы 60-қа жуық адам ауыр жараланды. Одан бөлек, дүрбелеңде жұрт бірін-бірі таптап, аяқ-қолдарын сындырған.      Ариана Гранденің қайғылы аяқталған концертіне ақтөбелік Бауыржан Қазиев те барғысы келіпті.

Бауыржан Қазиев, магистрант:

-Мен де билеттерді қарағанмын, бірақ билеттер қымбат негізі. Біздің елшілік хабарласқан. Кураторым да  әлеуметтік желі арқылы хабарласты. Аман-есендігімді біліп және мен де аман екендігімді жазып, кураторыма хабарымды бердім.

Бауыржан – тарих пәнінің мұғалімі. Манчестерде магистратурада білімін жалғастырып жүр. Айтуынша, жарылыстан соң Ұлыбританияда оқып жүрген қазақтар бірін-бірі дереу түгендей бастапты. Шетелдегі азаматтарымыздың аман-саулығын анықтаған Сыртқы істер министрлігі қаза тапқандардың арасында қазақтар жоқ деп отыр.         

Әнуар Жайнақов, ҚР СІМ ресми өкілі:

-Алдын ала ақпарат бойынша осы жарылыс салдарынан қаза болған және зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Сонымен қатар анықтау жұмысы барысында бұл концерке қазақстандық 6 студент қатысқаны белгілі болды. Олар біздің дипломаттарға телефон арқылы барлығы өздері тұратын жерлерге аман- есен қайтып келгендерін айтты.

Ұлыбритания премьер-министрі полицияның лаңкестік әрекет жасаған адамның атын білетінін мәлімдеді. Бірақ тергеу құпиялығына байланысты Тереза Мэй оны атаған жоқ. Әзірге бір күдіктінің ұсталғаны хабарланды. Осы лаңкестік салдарынан елде қызу жүріп жатқан сайлауалды науқан да тоқтатылған. Оның орнына жаппай қан тапсыру шарасы жүріп жатыр. Біздің студенттер де шет қалмай, зардап шеккендерге қан беріпті.        

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.