{metadescription}
Үлкен даудан соң Жанболат Мелдешов қызметінен уақытша аластатылды
Үлкен даудан соң Жанболат Мелдешов қызметінен уақытша аластатылды

Үлкен даудан соң Жанболат Мелдешов қызметінен уақытша аластатылды

Мақтаулы "Болашақтан" шу шықты! Мыңдаған жасты шетел асырып оқытып жатқан орталық қызметкерлері басшыларынан көресіні көріп отыр екен. Аты дардай халықаралық орталықтың президенті Жанболат Мелдешовтың орынсыз әрекеттеріне тойып біттік дейді ондағылар. Айтуларынша, ол орынбасарларымен бігіріп, қоластындағыларды орынсыз жұмыстан шығаруды әдетке айналдырған.

«Болашақ» орталығының іші бір қарағанда тыныш көрінгенімен, жанжалдың көкесі осында. Мекеменің бір топ қызметкері 8 ай бұрын келген басшы Жанболат Мелдешовтың, үш орынбасарымен қоса жұмыстан кетуін талап етіп отыр. Мұның себебін арыздарында ашып жазыпты.

-Жанболат Мелдешов келгелі жұмыс істеу қиындап кетті. Өзінің қызметін асыра пайдаланып, қоластындағыларды «жұмыстан шығарамын» деп қорқытады. Әрі өзінің таныс-тамырын қызметке орналастырып жатыр.

Әрі осы арызда «Болашақ» бағдарламасына жауапты Мелдешовтың тым дөрекі екенін жазылған. Яғни, балағат сөздерімен, қоластындағыларға қысым жасап, тіпті соның кесірінен тәжірбиелі кадрлар еркімен жұмыстан кеткен. Басшыларының дөрекі екеніне мына видео дәлел. Мұнда Мелдешов "Болашақпен" оқуға түскендерді қойға теңеп, аузына келгенін айтып жатыр.

-Вузы хоть барана принимают, если за него заплатят. Потом этого барана выпинывают. Потом этот баран к нам приходит, а у него на оплату 48 миллионов тенге. Из-за этого и программа страдает.

«Болашақтың» қызметкерлері қазір Мелдешовке қарсы президент әкімшілігінен бастап, прокуратура дейін шағымданған. Дауға қалған басшының өзі болса, ешкімді қабылдауға құлықсыз. Тіпті, есікті ішінен жауып, журналистерден тығылып қалды.

Кейін белгілі болғандай, кабинетіне жасырынған Жанболат Мелдешов қызметінен уақытша босатылыпты. Өйткені, «болашақтықтардың» шағымы бойынша, Білім министрлігі ауқымды қызметтік тексерісті бастады. Ал, дауға қалған «Болашақ» басшысының міндетін атқару уақытша орынбасарына жүктелмек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде