{metadescription}
«Қазинвестбанк» барлық активтерінен айырылды
«Қазинвестбанк» барлық активтерінен айырылды

«Қазинвестбанк» барлық активтерінен айырылды

Клиенттерге сапасыз қызмет көрсеткені үшін лицензиясынан қағылған «Қазинвестбанк» барлық активтерінен айырылды. Оның қаражаттарын бұдан былай «Альфа банк» басқарады. Келісімге сәйкес, қаржылық операция жасау құқығынан айырылған «Қазинвестбанк» 15 мыңнан астам адамның 8 миллиард теңгеге жуық депозитін толық көлемде «Альфа банкке» аударып берген. Сондықтан, салымшыларға енді алаңдамаса болады. «Қазинвестбанктің» құрдымға кетуінен зардап шеккен әзірге тек Зейнетақы қоры. Жұрттың жинағын оңды-солды инвестициялап жүрген қор бұл жолы тағы 6 миллиард теңгеден қағылып отыр.

Өткен жылы лицензиясынан қағылған «Қазинвестбанк» тығырықтан шығар жол тапқан сияқты. Қызметін тоқтатқан қаржы ұйымының уақытша әкімшілігі бүгін мыңдаған салымшының көкейіндегі күдікті сейілтті. Өйткені бұдан былай «Қазинвестбанктің» барлық активтерін «Альфа банк» басқармақ. Демек, жабылып қалған қаржы ұйымына ақша салған мыңдаған азамат депозиттегі ақшаларына алаңдамаса да болады. Себебі, оған енді «Альфа банк» жауапты.

Джемма Зинуллина, «Қазинвестбанк» АҚ уақытша әкімшілігінің басшысы:

-19-шы мамыр күні «Қазинвестбанктің» активтері мен міндеттемелерін «Альфа банкке» беру туралы келісімге қол қойылды. Осы құжат аясында біз жеке тұлғалардың депозиттегі қаржыларын толық көлемде «Альфа банкке» өткіздік. Осылайша салымшылардың құқығы қорғалып, қаржылары қайтарылатын болды. 

«Қазинвестбанкте» бас-аяғы 15 мыңнан астам салымшының 7,8 миллиард теңгесі сақталған екен. Енді осы қаржы толықтай «Альфа банктің» меншігіне өтеді. Бұдан бөлек лицензиясынан қағылған қаржы ұйымына атышулы зейнетақы қоры 9 миллиард теңге инвестиция салыпты. Банк оның тек 3 миллиардын қайтаруға дайын. Яғни «Альфа банк» ай сайын жалақысының он пайызын жырып берген азаматтардың ғана ақшасын қайтаруға келіскен. Қалған 6 миллиард теңгеге жуық зейнетақы қорының жеке капиталы күйіп кетті деуге болады. 

Андрей Елхов, «Альфа-Банк» АҚ басқарма мүшесі:

- «Қазинвестбанктегі» 3 миллиард теңгеге жуық зейнетақы қорының қаржысын біз өз балансымызға аламыз. Оны үш жылдан кейін 8 пайыздық үстемемен қайтарып береміз. Бұл мәселе зейнетақы қорымен келісілді. Ал қалған 6 миллиард теңгеге қатысымыз жоқ. Ол банктің мүліктерін сатудан түскен қаржы арқылы төленуі мүмкін.

Ал бар байлығын «Альфа банкке» өткізіп берген «Қазинвестбанк» мұнымен жауапкершіліктен босатылмайды. Өйткені ондағылар несиені оңды-солды таратты деген күдікке ілігіп отыр. Сондықтан алдағы уақытта банк қаражатын мақсатсыз шашқан басшылармен құзырлы орындар айналыспақшы. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде