{metadescription}
Дәрігерлер ішек ауруларының маусымдық науқанына дайындық үстінде
Дәрігерлер ішек ауруларының маусымдық науқанына дайындық үстінде

Дәрігерлер ішек ауруларының маусымдық науқанына дайындық үстінде

Санаулы күндерден кейін жазбен бірге ең қауіпті кезең қатар келеді дейді мамандар. Жуылмаған жеміс-жидек, піспеген көкөніс көп жағдайда күрделі ішек дерттеріне апарып соғады. Ең қауіпті топ – балалар. Бұндай дерттен қалай сақтанбақ керек? Оның ем-домын «Teva» компаниясының мұрындық болуымен екі ел мамандары Астанада талқылады.

Кез-келген аурудың алдын алуға болады, алайда ешбір тәсілдің жүз пайыз нәтижесі жоқ. Әсіресе ішек ауруларының алдын болжау тым қиын. Ішектің жұқпа ауруларының қоздырғыштары ішіп-жем, тіпті жуылмаған қолмен де таралуы мүмкін. Ішке түскен инфекция ағзаның микрофлорасын құртатын көрінеді. Бұндай жағдайда жалғыз ем метабиотиктер.

Антонина Плоскирева, медицина ғылымдарының кандидаты (Ресей): 

-Әсіресе кішкентай ұл-қыздар ішек ауруына шалдығуға бейім. Қолдарын дұрыс жумайды, зиянды тағамдар жейді. Бұл ішкі микрофлораның бұзылуына әкеледі. Осы кезде метабиотик ішкен дұрыс. Ол пайдалы бактерияларды көбейтеді.

Метабиотиктердің өзге дәрілерден бір артықшылығы оны өткір ішек инфекциялары кезінде нәрестелерге де беруге болады. Ал қарапайым антибиотиктен артықшылығы ағзада бар пайдалы бактерияларды жоймай, керісінше қалпына келтіреді. Препараттың өзінде бактерия жоқ. Тек ағзаның зат алмасуына оң әсер етеді.

Алмагүл Қошығұлова, медицина ғылымдарының докторы:

-Метабиотиктер ағзаға зиян келтірмес үшін антибиотиктермен де бірге ішуге болады. Яғни, антибиотик ауруды емдеп қана қоймай іштегі бактерияларды өлтіретіні белгілі. Ал, осы кезде метабиотик оларды қайта тірілтіп отырады.

Ішек аурулары жалпы дерттердің бастауы саналады. Себебі ағза микрофлорасының бұзылуы адам денсаулығына кесірін тигізіп, салдарынан жекелеген дене мүшелерінің қалыпты жұмысын бұзылады. Teva компаниясының ұйымдастырған астаналық жиынында Қазақстан мен Ресей ғалымдары дисбиоз проблемаларының шешімін іздестірді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде