Экспоның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге Қарағандыдан 500 сарбаз аттанды
Олар халықаралық көрменің тыныштығын сақтаумен қатар, келетін қонақтардың тілін ыммен болсын табуды үйреніпті.
Автор: Саят Сабдалы
24.05.2017
Былтыр қатарға қосылған сарбаздардың көбі ағылшын тілін бір адамдай-ақ меңгерген екен. Аман-саулық сұрасып, жол сілтеуге қабілеттері жетеді. Онда да былтырдан бері жіті бақылау мен емтиханнан өткендеріне ғана Астанаға бару бақыты бұйырыпты. Сарбаздар да сақадай саймыз деп отыр. Олар ағылшын тілімен қатар, Экспоға келетіндерді ыммен түсінуге машықтанған. Мұны әртістерден үйрендік дейді олар.
Ерсін Жамаш, қатардағы жауынгер:
-Тек ағылшындар ғана келмейді ғой. Жан-жақтан мемлекеттен келеді. Олардың тілін түсінбейсің. Оларға қол қимылымен түсіндіру керек. Мысалы аурухана сұрайды. "Хан шатырды" сұрайды. Соларды көрсетіп жіберуді үйретті әртістер.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!