{metadescription}
Павлодарда жұртқа өзін сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің қызметкерімін деп таныстырған алаяқ ұсталды

33 жастағы жігіттің бұл әрекеті дүкендердің біріндегі бақылау камерасына түсіп қалған.

Мұнда арақ сұрап кірген ер адам кейін құзырлы органда жұмыс істейтінін жеткізіп, тиісті құжатын да көрсетіпті. Бұдан соң тыйым салынған уақытта ішімдік саудаладың деп, сатушыдан ақша бопсалаған. Осылайша бір бөтелке арақ, бір қорап шоколад пен 25 мың теңгені қалтасына басқан күдікті ізін суытыпты. Ал оқиға орнына жеткен дүкен иесі бұл жайтты бейнежазбадан көріп, полицияға хабарлаған. Көп кешікпей құрықталған күдіктінің өзі еш жерде жұмыс істемейтін болып шықты. Ал қолындағы жалған құжатты әлдебіреулерден сатып алған көрінеді. Арақ пен шокаладқа сылқия тойып алған алаяқ енді 2 жылын темір торда өткізуі мүмкін. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде