{metadescription}
 Алматыда вандалдар Даңқ мемориалына шикі жұмыртқа лақтырды
 Алматыда вандалдар Даңқ мемориалына шикі жұмыртқа лақтырды

Алматыда вандалдар Даңқ мемориалына шикі жұмыртқа лақтырды

Алматыдағы екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерге арналған ескерткішті қорлағандар әлі ұсталған жоқ. Әлдебіреулер 28 панфиловшылар саябағындағы әйгілі Даңқ мемориалы шикі жұмыртқа лақтырып, тамақ қалдықтарын жағып кетіпті. Сорақысы сол, вандализмге барғандарды ешкім көрмегендіктен, бұған қатысты іс қозғалмапты.   

Жаудан елді қорғағандардың ескерткішін жұмыртқамен атқылағандардың бүлдірмеген жері қалмаған. Бұзақыларды ерлердің ерлігін ескерген жазбалар да тоқтатпапты. Есерлер, тіпті, мәңгі алауға да тиіскен.       

Иван Агеев, Алматы қаласының тұрғыны:

-Тақтаның үстінде бір нәрсе жатқанын көрдім. Жақындап қарасам, жан-жақтың барлығы жұмыртқа. Әлдебіреулердің әдейі лақтырғаны көрініп тұр. Оларды суретке түсіріп, бірден полиция шақырттым.

Алайда полиция келген ізімен кері қайтыпты. Өйткені бұзақыларды көргендер болмаған. Ал ескерткішке жағылған жұмыртқаны көп кешікпей жуып тастаған. 

-Жұмыртқаны жуып тастағанымен, оның іздері ақтаңдақ боп әлі жатыр. Ескерткішке жасалған қастаңдықты бірінші боп байқаған куәгердің айтуынша, вандалдар тек жұмыртқа емес, өздерінің ішіп-жеген тағамдарын да осыған жағып кетіпті. Сорақысы сол, қанды шайқаста ерлікпен қаза тапқан 601 011 қазаққа арналып ашылған Даңқ ескерткішіне күзет тұрмақ, бас-көз болар бірде-бір бейнебақылау камерасы жоқ.

Көпшілікті күйіндіргені де – осы. Вандалдардың әрекетін әлеуметтік желіде көріп, жүрек талмасы ұстай жаздаған әйгілі Панфиловтың немересі бұны жабулы қазан күйі қалдырмай, вандалдарды тауып, жазалауды талап етті.           

Айгүл Байқадамова, Генерал И.Панфиловтың немересі:

-Айтарға сөзім жоқ. Бұған жаным ауырып тұр. Қаза тапқан жауынгерлердің әруағын қорлауға қалай жол берді? Көше бойында камера атаулы қаптап тұр. Ал күлле елге ортақ ескерткішті қорғауға біреуінің қойылмағаны қалай? Күзет қойылуын талап етемін. Мұндайға енді жол берілмеуі қажет.

Болған жайт ардагерлердің де намысына тиген. Олар да ерлігі ерен ерлердің ескерткішін қорғауға қандай да бір шара қолданылуын сұрап отыр. Айтуларынша, саябаққа серуендеуге келгендердің көбі соғыста қаза тапқандарға арналған ескерткішке шығып селфи жасауға құмар екен. Салдарынан туған жеріне орала алмай кеткен сарбаздардың ескерткіші аяқ астына тапталған.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде