{metadescription}
 Бітпес дауға айналған метадонға депутаттар тағы қарсы шықты
 Бітпес дауға айналған метадонға депутаттар тағы қарсы шықты

Бітпес дауға айналған метадонға депутаттар тағы қарсы шықты

Меруерт Қазбекова еліміздегі емдеу орталықтарында нашақорларға берілетін синтетикалық есірткіден мүлдем бас тартуды талап етіп, премьер-министрге сауал жолдады.

Өйткені, метадон есірткіден де қауіпті екен. Қуатының күштілігі соншалық,  оны пайдаланған адам 30 күнге дейін есеңгіреп жүреді. Елімізде бұл препарат 10 жылдан бері Қарағанды, Тараз, Павлодар, Өскеменде орналасқан  оңалту мекемелерінде нашақорларға пилоттық бағдарлама аясында беріледі. Енді Денсаулық сақтау министрлігі метадонды заңдастырмақ. Метадонға депутатардан бөлек Ішкі істер министрлігі, дәрігерлер де қарсы. Бұл тіпті шетелдік ұйымдардың есірткі бизнесін дамыту үшін ойлап тапқан айласы дейді Қазбекова.

Меруерт Қазбекова, Мәжіліс депутаты:

-Бұл есірткі бизнесін дамытуды көздейтін халықаралық жаңа жоба. Ал біздің Денсаулық сақтау министрлігі оны пайдалануды заңдастырып, мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлдірмек. Метадон деген синтетикалық есірткі. Тәуелді адамдарға бір күн бермей қойсаңыз, елде бүлік шығаруы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қаңтар

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде