Инвестициялар және даму министрлігінің лауазымды шендісі 22 миллион парамен ұсталды
Инвестициялар және даму министрлігінде жемқорлық жанжалы! Ведомстваға қарасты «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің» басшысы ірі көлемде пара алып жатқан сәтінде ұсталды.
Автор: Азамат Алдоңғаров
24.05.2017
Болат Халық, өңірлерде қызмет көрсетуші мердігерлердің құжаттарына көз жұмып қол қойғаны үшін 22 миллион теңге пара алған. Әрі кәсіпорынның есепшісі және Атырау облысы бойынша өңірлік филиалының жетекшісімен сыбайласып, кешенді түрде жылу жинапты. Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро құтқарушының үйінен 100 миллион теңге тапты. Айта кетсек, ұйым мемлекеттің тау-кен, мұнай өндірістеріндегі қауіпсіздікке, апатты жағдайларда құтқару және алғашқы медициналық көмекке жауап берген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!