Ақмола облысында дауыл тұрып, бірнеше әлеуметтік нысанның шатырын жұлып кетті
Ал сол ғимараттардың барлығы соңғы жылдары күрделі жөндеуден өткен. Арасында Атбасар қаласында тасқыннан зардап шеккендерге берілген жаңа көпқабатты үй де бар.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
24.05.2017
Секундына 25 метр жылдамдықпен соққан дүлей жел осындағы индустриалдық-техникалық колледждің де шатырын ұшырды. Сондай-ақ, Новосельской ауылында былтыр ғана жөнделген мектептің төбесі де тас-талқаны шыққан. Дауылдан степногорлықтар да зардап шекті. Онда мейрамхана жанында тұрған 3 бірдей қымбат көлікті құлаған шатыр басып қалыпты. Дәл осындай жағдай Павлодар облысындағы Ақсу қаласында да болды. Қатты жел көтеріліп көпқабатты жаңа үйлердің шатырларын жұлма-жұлма еткен. Жап-жаңа ықшамауданды ауданды астан-кестең қылған жойқын дауылдан келген шығын әзірге есептелуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!