Павлодарда окопта түнеген 4 жасар бүлдіршін жетімдердің қатарына қосылуы мүмкін
Оған бас-көз бола алмаған ата-ананың ісіне енді сот нүкте қоюы тиіс.
Автор: Әйгерім Шакаманова
25.05.2017
Кішкентай Артур қазір арнайы орталықта. Оның ішкілікке салынған анасы үш жыл бұрын да ескерту алып, ата-аналық құқы шектеліпті. Ал әкесі болса, Ефремовка ауылында тұрады. Тек ұлы туралы естігісі келмейді екен. Артурдың өзі шешесімен шаһар маңындағы саяжайда тұрып келген. Баланың жоғалғанын полицияға сол анасының көңілдесі хабарлаған болатын. Бүлдіршінді тәулік бойы іздеген тәртіп сақшылары ақыры оны әскери-техникалық мектеп курсанттары жаттығатын окоптан тапқанын айта кетейік. Сөйтсе, осы шұңқыр ішінде 3 тәуліктей жатып қалыпты. Ал анасы ұлын іздеудің орнына үйінде арақтан бас көтермей жатқан.
Орынбасар Темірболатова, Павлодар қалалық білім бөлімі қамқорлық секторының жетекшісі:
-Бұл бүлдіршіннің туған әкесі бар. Бірақ ол ұлының тәрбиесімен айналысқысы келмейді. Ешқашан бірге тұрмаған да. Сондықтан, баланың анасын да, әкесін де ата-аналық құқығынан айыруды сұрауға мәжбүрміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!