{metadescription}
Петропавлда бір ғасырдан астам уақыт бұрын салынған ескі үй құлағалы тұр
Петропавлда бір ғасырдан астам уақыт бұрын салынған ескі үй құлағалы тұр

Петропавлда бір ғасырдан астам уақыт бұрын салынған ескі үй құлағалы тұр

Тарихи ескерткіш деп танылған бұл ғимаратты қазір бес отбасы паналап отыр. Баспаналарын не жекешелендіруге, не жөндеуге хақылары жоқ олардың мәселесін әкімдіктің әне-міне шешеміз деп келе жатқанына 20 жыл болған. Көне сәулет туындысының бүгінгі хәлі туралы тілшіміз Гүлмира Тасболатқызы әңгімелейді.

Петропавлдағы бұл үйді Баженов дейтін көпес 20 ғасырдың басында өзіне арнап салдырыпты. Сол уақыттан бері екі қабатты ғимарат бірде-бір рет  күрделі жөндеу көрмеген.

-Бұл үйдің екінші қабатына көпестің өзі жайғасса, бірінші қабатта оның қызметшілері тұрыпты. Аула жақтағы кіре берісте тіпті итттерге арналған арнайы бөлме де болған деседі. Онда кезінде төрт аяқтыларға жасалған жағдай қазіргі тұрғындардың түсіне де кірмейді.

Қазір үйдің  қабырғасы қақырап қисайған. Белуардан жерге шөккен. Кіре берістегі баспалдақ та талай рет құлапты. Бірақ тарихи ескерткіш деп танылған бұл ғимаратқа тұрғындар өз бетінше жөндеу жүргізе алмай келеді.

Ольга Гавазюк, Петропавл қаласының тұрғыны:

-Мына терезелерді ауыстырайын деп едік, оған рұқсат бере ме, жоқ па, білмейміз. Бұл үй тарихи ескерткіш қой. Сыртқы есікті сол күйі қалдырдық. Ал бөлме арасындағыларды ауыстырдық.

Осында тұратын 5 отбасының ата-бабасы бұл жерге қазан төңкерісінен кейін орналасыпты. Содан бері олардан бесінші ұрпақ өрбісе де, қолдарында бірде-бір құжат жоқ. Тарихи ескерткіш болған соң, үй  жекешелендіруге де келмейді. 

Бауыржан Бейсенбаев, Петропавл қалалық тұрғын үй есебі және бөлу секторының меңгерушісі:

-Тұрғындардың қолында бұл баспанаға қатысты бірде бір құжаттары жоқ. Ол жерді заңсыз паналап отыр деуге де болады. Бірақ талай жыл тұрып жатқан оларды біз далаға қумаймыз. Алдағы күндері  бұл мәселе тұрғын үй комиссиясының қарауына жіберіледі.  

Әзірге бұл тарихи ескерткіш қалалық әкімдіктің қарауында. Шенеуніктер бірінші қабатты коммуналдық шаруашылық бөлімінің қоймасы етіп жарақтапты. Жуырда арнайы комиссия ғимаратқа зерттеу жүргізуі тиіс.   Оның шешімі бойынша егер тұрғын үй статусы берілсе, апатты үй ретінде сүріліп тасталады. Сәулет үлгісі ретінде сақтаймыз десе, жөндеуге қаржы бөлінуі тиіс. Екі жағдайда да қиындық тұрғындарына тигелі тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде