{metadescription}
Елімізде мыңдаған түлек мектебімен қимай қоштасты
Елімізде мыңдаған түлек мектебімен қимай қоштасты

Елімізде мыңдаған түлек мектебімен қимай қоштасты

Соңғы қоңырау сыңғыры! Бүгін елімізде 136 мың түлек мектебімен қоштасты. Оның 95 мыңнан астамы Ұлттық бірыңғай тестке қатысады. Бітірушілер саны жөнінен Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстары және Алматы қаласы көш басында тұр. Ал «Алтын белгіге» үміткерлер қатары алты мыңнан асып жығылады.

ҰБТ-дан алдына жан салмайтын Алматы қаласында биыл он мыңнан аса түлек оқуын тәмамдады. Қала әкімі мектеп бітірушілерді құттықтап, республика көлеміндегі жетістерімен мақтанды.

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

-Алматы қаласы ел көлемінде бес жыл қатарынан ҰБТ қорытындысы бойынша ең жоғарғы нәтиже көрсетіп, бірінші орында болып келеді. Соңғы 5 жылдың ішінде жаңадан салынған 11 мектептің 9-ы тек қазақ тілінде дәріс береді.

2007 жылы Елбасы өзі келіп ашқан бұл мектепте бүгінде 2700 оқушы тәлім алады. Ал білім ошағын тәмамдаған түлектер қимастық сезімде жүр.Салтанатты шарада әсем ән ырғағымен дәстүрлі мектеп вальсі де орындалды. Бәзбіреулер бір-бірін соңғы рет көріп, естелік суретке де түсіп жатыр. 

-Алатау ауданындағы №169 мектептен 56 оқушы үлкен өмірге қадам баспақ. Жалпы, бұл мектеп мұғалімдердің біліктілігі және оқушылардың үлгерімі жөнінен былтыр қала бойынша үздік атанып, қала әкімінің 17 миллион теңге грантын жеңіп алған. Енді бітіруші түлектер ҰБТ-ға дайындалады. Ал қалған оқушыларды жаз бойы белсенді демалыс күтіп тұр.

Өзге өңірлерде, Семейдегі 66 орта мектепте 1700 оқушы білім ұясымен қоштасса, олардың 1272-сі ҰБТ тапсыруға ниетті. Ал 54-і алтын белгіге үміткер. Ал Жамбыл облысында 8 мыңнан астам оқушы мектеп бітіреді. Биыл облыс оқушылары республикалық олимпиада қорытындысы бойынша 6-шы жыл қатарынан, республикалық ғылыми жарыстардың қорытындысы бойынша 5-ші жыл қатарынан «Ең үздік команда» атанды.

Сонымен, биыл елімізде 136 269 түлек мектеп бітіреді. Оның: 90804-і – қазақ,  39334-і – орыс, ал 6131-і – өзге тілдерде білім алған. 95 340 түлек ҰБТ-дан өтуге тілек білдірсе, 6280 бітіруші «Алтын белгіден» үмітті. Түлектер саны жөнінен ең көп аймақ – Оңтүстік Қазақстан облысы. Онан соң Алматы облысы және үшінші орында – Алматы қаласы.

Еліміздің Білім және ғылым министрлігі бітірушілер кешін 15 маусымға дейін тек мектеп қабырғасында өткізуді ұсынып отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде