{metadescription}
Әділет министрлігі шетелге шыға алмайтын азаматтардың нақты санын атады
Әділет министрлігі шетелге шыға алмайтын азаматтардың нақты санын атады

Әділет министрлігі шетелге шыға алмайтын азаматтардың нақты санын атады

Елімізде 400 мыңға жуық тұрғын берешек. Егер олар қарызынан құтылмаса, елден аттап басып шыға алмайды.

Ал шектеуді алып тастау үшін тұрғындар банкке барып, төленген түбіртегін сот орындаушыларына көрсетуі тиіс. Кейін айыппұлы базадан алынғанша, бірнеше күн күте тұруына тура келеді. Енді 1-ші маусымнан бұндай қағазбастылық жойылады. Себебі берешекті тура әуежайда төлеуге мүмкіндік жасалғалы жатыр. Сөйтіп, шенеуніктер азаматтардың жазғы демалысының шырқын бұзбауды ойластырып қойған.

Олжас Рамазанов, Әділет министрлігінің ресми өкілі:

-Маусым айынан бастап Әділет министрлігі және "Қазпошта"  ыңғайлы қызметті іске қосады. Бұл қызмет арқылы борышкер кетер алдында әуежайда өз қарызын төлеп, елден емін-еркін шыға алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде