Тараздағы химиялық зауыт іске қосылмай жатып банкрот болуы мүмкін
Қазына қаржысына салынып жатқан кәсіпорынның «глифосат» деген өнімінен әлемдік нарық бас тартуда. Өйткені, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аталған гербицидті аса қауіпті химикаттардың тізіміне қосқан.
Автор: Жәудір Оразхан
25.05.2017
Яғни, Үкімет Тараздағы зауыт өндіретін «глифосатты» экспорттайтын мемлекет таппай қалуы ықтимал. Оның үстіне бүгін сенаторлар бұл өнімді елімізде де пайдалануға тыйым салуды ұсынды. Атышулы «глифосатты» ауыл шаруашылығымен айналысатын мемлекеттер ұзақ уақыт қолданып келген. Гербицид негізі егін алқаптарындағы арамшөпті жоюға арналған. Ғалымдардың айтуынша, пестицид топырақ арқылы өнімнің құрамына тарайды да, оны жеген адам қатерлі ісік аурларына шалдығады және бүйректі зақымдайды екен. Сондықтан, Еуропа елдері қазір аталған гербицидті сауда сөрелерінен жаппай алып жатыр. Енді аса қауіпті пестицидтен біздің шаруалар да бас тарту қажет екен.
Икрам Адырбеков, Сенат депутаты:
-Биыл Мальта, келесі жылдан бастап Дания, Швейцария «глифосатты» пайдаланудан бас тартпақ. Ресей, Украина да арамшөптен арылудың биологиялық басқа жолдарына көшуді жоспарлап отыр. Яғни, енді Еуроодақ елдеріне бұл гербицидті экспорттау қиын болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!