Демалыс құны қымбаттай түсті
Биыл жазда тынығу үшін отандастарымыздың бұрынғыдан да қомақты қаржы жұмсауына тура келмек. Өйткені девальвация туризм саласына да кері әсер еткен.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
25.05.2017
Тек 1 жылдың ішінде демалыс құны 27 пайызға өсіп отыр. Ішкі туристер үшін, әсіресе, тамақтану құны едәуір өсіпті. Былтыр оның өзіне бір адам 6 мың 700 теңге жұмсаған. Яғни, баға 15 пайызға артты. Көштен қалмай жол шығыны да өсті. Оған отандастарымыз 5 жарым мың теңгесін берген. Ал туристердің барған жерінен сыйлық алып қайтуы үшін кемі 3 мың қажет. Себебі, кәдесыйлардың бағасы да 1 жылда 17 пайызға қымбаттапты. Демалыс үшін шетел асу да қазір тиімсіз. Өйткені оған бір адамның өзіне 145 мың теңгедей қаржы керек. Соның 34 пайызы жол шығыны, 13 пайызға жуығы қонақүйге, виза дайындауға жалпы соманың 4 пайызы жұмсалады. Былтыр халықаралық тасымал құны 2015-ші жылмен салыстырғанда 2 есеге өсін де айта кетейік. Ал биыл туристердің бұдан да көп шығындануына тура келеді.
Ішкі туризм
Тамақтану:
2015 жылы – 5600 Т
2016 жылы – 6700 Т
Жол шығыны:
2015 жылы – 4600 Т
2016 жылы – 5500 Т
Сыйлық:
2015 жылы – 2400 Т
2016 жылы – 2900 Т
Сыртқы туризм
Бір турист үшін шығын көлемі
2015 жылы – 78200 Т
2016 жылы - 144900 Т
Сыртқы туризм
Халықаралық тасымал – 33,9%
Қонақүй – 12,8%
Виза - 4%
Сыртқы туризм
2016 жыл
Халықаралық тасымал – 49100 Т
Қонақүй – 18500 Т
Тамақтану – 16100 Т
Киім-кешек – 12200 Т
Көлік тасымалы – 10400 Т
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!