{metadescription}
Ақтөбе облысында мектеп мұғалімі зейнеткерді соққыға жықты
Ақтөбе облысында мектеп мұғалімі зейнеткерді соққыға жықты

Ақтөбе облысында мектеп мұғалімі зейнеткерді соққыға жықты

Алпысты алқымдаған Жүсіп Бигелов қазір ауруханада жатыр. Ол көрші ауылда өткен футбол жарысына жастарды автобусымен апарыпты. Ал қайтарда дене шынықтыру пәнінен дәріс беретін жігіт діттеген жерімізге жеткізбедің деп жұдырықтаған. Ұстаздың шәлкес мінезін әріптестері де айтып отыр. Бұған дейін сабаққа дамбалшаң келіп, күлкіге қалған кезі де болған екен.

Жүсіп Бигеловті мұндай хәлге көше бұзақылары емес, оқушы тәрбиелеп отырған мұғалім жеткізген. Ақсақал сол күні Саржар ауылының жастарын футболдан жарысқа көрші елді мекенге апарыпты. Ал қайтар жолда дене шынықтырудан сабақ беретін Әлібек Ордабай межелі жерімізге жеткізбедің деп сабаған көрінеді.

Жүсіп Бигелов, Саржансай ауылының тұрғыны:

-Бір кезде көзімді ашсам, қасымда тұр екен тағы ұрайын деп. Ажыратып жатыр. Бірақ күш бермей жатыр. Сосын машинамды қыздырып, оталдырып қаштым.

Ауыр соққыдан ақсақал ақыры көліктен түскен бойда есінен танып қалады. Миы шайқалып, басы мен мұрын сүйектері жараланған. Ал шатақ мұғалімнің шәлкес мінезін Хлебодар орта мектебіндегі әріптестері де айтып отыр. Бірақ ол туралы басшылары тіс жармауды бұйырыпты.    Әлібек Ордабайды осыдан екі жыл бұрын да мектептен қуған екен. Өйткені күн суықта сабаққа аяғына сүйретпесін іліп, дамбалмен келіпті.

Әділбек Тәжібай, мектеп директоры:

-15 жылы қараша айында мен жұмыстан шығардым. Еңбек кодексінің 54 бабы 11 тармағы бойынша. Бірақ ол сотқа шағымданды. Соттың шешімімен жұмысқа қайта қосылды.

Ауылдастары мұғалімнің тірегі мықты екеніне сенімді. Өйткені Әлібек Ордабайдың әкесі Мәртөк ауданындағы білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіподағына басшылық етеді..

Зейнеткерді соққыға жыққан Әлібек Ордабайды мектептен таба алмадық. Ол бірнеше күннен бері мұнда бас сұқпаған. Басшылары қызметіне себепсіз келмегені үшін хаттама толтырғандарын айтады. Тәртіп сақшылары да қылмыстық іс қозғаған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде