{metadescription}
Шымкентте баласын аяусыз ұрған қатыгез әкенің видеосы жұрттың жағасын ұстатты
Шымкентте баласын аяусыз ұрған қатыгез әкенің видеосы жұрттың жағасын ұстатты

Шымкентте баласын аяусыз ұрған қатыгез әкенің видеосы жұрттың жағасын ұстатты

Өз сәбиін күрекпен сабады! 5 жастағы баланы көлік доңғалақтарының арасына қысып қойып, күрекпен ұрып жатқан адамның видеосы әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын туғызды. Таспаны түсіргендер бұл сұмдық Шымкентте болған деп жазыпты.

Таяққа жығылған баланың не бүлдіргені белгісіз. Роликті жариялағандар соққы беріп жатқан әкесі дегенді айтады. Күрекпен де, қолмен де шарасыз перзентін сабап жатқан кісінің баласын үнемі ұратынын жазыпты. Кішкентай бүлдіршін шыңғырып жатқан кезде өзге адамдардың қарап тұрғаны да желі қолданушыларының ашуын туғызған. Полицейлер қазір ролик кейіпкерлерін іздеуге кірісті. Тапқан жағдайда қатыгез әке азаптау бабы бойынша 7 жылға дейін сотталып, жәй қарап тұрғандар да әрекетсіздігі үшін жауапқа тартылуы мүмкін.

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД баспасөз хатшысы:

-Тергеу жүргізіп жатқан Еңбекші аудандық полиция бөлімі. Полицейлер сол роликтегі азаматтың тұлғасын анықтап жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.