Павлодарда «Қазавтожолдың» лауазымды шендісі 3 миллиард ұрлады деп күдікке ілінді
Павлодарда бюджеттің 3 миллиард теңгесін жымқырды деген күдікпен «ҚазАвтоЖолдың» аймақтық филиалы басшысының орынбасары ұсталды. Амантай Қасымхановқа «Орталық-Шығыс» тас жолын жаңғыртуға бөлінген қаржыны талан-таражға салды деген айып тағылып отыр.
Автор: Әйгерім Шакаманова
25.05.2017
Тергеу мәліметінше, күдікті осы өңірдегі көлік жолдарын қайта қалпына келтіруге бөлінген қаражатты мердігер ұйымдар арқылы жымқырыпты. Яғни, сметалық құжаттарда көрсетілген негізгі жол киімдері мен жұмысшылар қолданатын материалдарды алмастырып отырған. Үш жыл бұрын басталған жобаның жалпы құны – 53 миллиард теңге. Аталған сомаға «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Павлодар облысы бойынша «Орталық-Шығыс» тас жолы толығымен қайта қалпына келтірілуі тиіс болған. Осыған тікеле жауапты ұлттық компанияның аймақтық филиал басшысы болса, орынбасарының ұсталғанын ғаламтордан білдім деп отыр.
Қайрат Кәрібаев «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Павлодар облыстық филиалының директоры:
-Ол кісі өте сауатты, техникалық жағынан жол мәселесінен өте білімді, іскер. Бұл тергеу жұмысымыздың жүруіне ешқандай кедергі болмайды. Сондықтан қойылған тапсырма белгілі уақытында беріледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!