{metadescription}
Прокурор Әблязовты 20 жылға сырттай соттауды сұрады
Прокурор Әблязовты 20 жылға сырттай соттауды сұрады

Прокурор Әблязовты 20 жылға сырттай соттауды сұрады

Мұхтар Әблязовке де сырттай жаза кесілгелі жатыр. Өзі басқарған банкті тонап, шетел асқан олигархты бүгін мемлекеттік айыптаушылар 20 жылға қамауды сұрады. Әрі бар жиған-тергені тәркіленсін дейді прокурорлар.  

Еркін Байғамбетов, мемлекеттік айыптаушы:

-Мұхтар Әблязовты кінәлі деп тауып, 20 жылға бас бостандығынан айыруға, мүлкін тәркілеуге және 3 жылға банк саласында лауазымды қызмет атқару құқығынан айыру жазасына кесуді сұраймын.

Ал Әблязовтың оң қолы болған Қайрат Садықовқа – 18, Жақсылық Жарымбетов пен Сәдуақас Мәмешке 5 жылдан сұрады. Өйткені, соңғы екеуі кінәларын мойындап, тергеуге көмектескен. Оларға прокурордың жеңілдеу жаза сұрауы сондықтан. Садықов болса, кінәсін сол күйі мойындаған жоқ. Осылайша бүгін Әблязовтан басқасы өздерін алда шамамен қандай жаза күтіп тұрғанын айыптаушының өз аузынан естіді. Дегенмен, соңғы сөз соттыкі екені мәлім. Естеріңізге салсақ, кілең қаржыгерлерден құралған қылмыстық топ 7 бап бойынша айыпталуда. Ал келтірілген шығын көлемі – 7 жарым миллиард доллар. Бұл тек Қазақстаннан ұрланған ақша. Ресейден атышулы олигарх одан бөлек 5 миллиард доллар үптеп кеткен. Қазір Әблязов Францияда тұрып жатыр.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде