Астанаға жаяу аттанды
Шығысқазақстандық Ғалымжан Тоқтар 16 күн ішінде мың шақырымды жүріп өтпек. Мақсаты – Елордада өткелі жатқан ЭКСПО-ны көру. Ал халықаралық көрменің билетін Ғалымжанға әкімдіктегілер тарту етіпті.
Автор: Жанар Низамутдинова
26.05.2017
Тоқтарды алыс сапарға тума-туыстары мен жақын-жуықтары шығарып салды. Қажетті қаржыны да солар жинап беріпті. Қазір жұмыссыз жүрген 28 жастағы жігіт Қазақстанға Қытайдан көшіп келген. Жұбайы, екі баласы бар. Бір кездері кір тасын көтерумен шұғылданып, кейін жүгіруді әдетке айналдырған. Ғалымжан өзі тұрып жатқан Шығыс ауылынан Астанаға жеткенше жолдағы кафе-мейрамханалардан тамақтанып, қонақүйлерге түнемек. Айтуынша, оның бұл әрекетіне айналасындағылар әуелгіде сенімсіздік білдіріп, қарсы шығыпты.
Ғалымжан Тоқтар, саяхатшы:
-Көп адамдар қарсы шықты. 1000 км оған сенің денсаулығың жарай ма деген сияқты әңгімелер айтты. Бірақ мен ол кісілердің бәріне қиындықтарды жеңетініме сенімді екенімді айттым. Содан кейін ол кісілер ақырындап келісті сол баруға.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!