{metadescription}
Қазақстанның паралимпиада комитетіне ерекше жан бітті
Қазақстанның паралимпиада комитетіне ерекше жан бітті

Қазақстанның паралимпиада комитетіне ерекше жан бітті

Өйткені, мүмкіндігі шектеулі адамдардың дені сау спортшылармен заңмен теңестірілуі  дамуға жол ашқан.

Мәселен, күзге салым Астанада үлкен жаттығу кешені ашылғалы жатыр. Орталықта құрылғылар рухы сынбаған азаматтардың шынығуына қолайлы етіп қойылмақшы. Қазіргі таңда елімізде 640 мың мүгедек бар. Бірақ соның 27 мыңы ғана тұрақты спортпен шұғылданады. Мамандардың айтуынша, паралимпиадашыларды 12 мүшесі сау спортшылармен теңестіру оңайға соқпапты. Десе де, Риодағы жеңістерден кейін ұзақ жылдарға созылған мәселе шешіліп сала берген. Енді олар олимпиада жеңімпаздарымен бірдей сыйақы алады. Десек те, жаттығуды қаржыландыру әлі шешілмей тұр. Себебі отандық спортқа бөлінетін ақшаның 1 пайызы ғана мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған.  

Ерлан Сүлейменов, Ұлттық паралимпиада комитетінің атқарушы директоры:

-Енді заң өзгерген соң қаржыландыру жағы шешіледі деп ойлаймыз. Одан қалды мемлекеттен  жаттықтырушыларды талап ете аламыз. Кезінде мұның бірде бірі заңда жазылмаған еді. Келешектен үмітіміз көп.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде