{metadescription}
Павлодарда қараусыз қалған шабадан жұртты шошытты
Павлодарда қараусыз қалған шабадан жұртты шошытты

Павлодарда қараусыз қалған шабадан жұртты шошытты

Павлодарда подъезде қалып қойған шабадан күдік тудырып, тіпті оқиға орнына саперлерге дейін шақыруға тура келген. Полиция да келе сала 5 қабатты үйдің тұрғындарын түгел сыртқа шығарды.

Шабаданнан шошып жүрген осы үйдің тұрғыны екен. Ол бірден 102-ге хабарлапты. Оқиға орнына жеткен жедел әрекет ету тобы баспалдақтың астында жатқан сұр түсті затты тексерген. Тек ішінен түк таппаған саперлер алаңдауға еш негіз жоқ деп жұрттың үрейін басты. Ал шабаданның ішінде жарылғыш зат бар деп ойлаған тұрғындар қатты шошып қалған.

Валентина Командирова, Павлодар қаласының тұрғыны: 

-Басында мән бермей өтіп кеттім. Қайта оралып қарасам, сұр шабадан жатыр. Өзім жақындап көруге қорықтым. Жарылғыш зат қойып кетсе қайтер едік. Полицейлер жеткенше, өзімізді қоярға жер таппадық. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде