Ақтөбеде футболға бөлінген ақшаны жымқырғандар сотталды
Ақтөбеде жергілікті футбол клубы мен облыстық спорт басқармасының бұрынғы басшылары ақыры сотталып тынды. Дмитрий Васильев 8, Ескендірбек Маханов 7 жылға бас бостандығынан айрылып отыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
26.05.2017
Атышулы процесс екі айға созылды. Алғашқыда тараптар клубқа кім иелік ететінін таба алмай шу болған. Ақыры жәбірленуші деп қаржы басқармасындағылар танылды. Ал Васильев пен Маханов клуб ақшасын мақсатсыз жұмсады деп айыпталғанын айта кетейік. Мемлекеттік айыптаушылар, тіпті облспорттың экс-басшысының былтыр Будапештке Еуропа Лигасына барғанына дейін шүйлікті. Ал Махановқа ақтөбелік футболшыларға еріп баруды облыс әкімі Бердібек Сапарбаев тапсырған екен. Сөйтіп, сотталушының екеуі де үкіммен мүлдем келіспей отыр. Дмитрий Васильев айран ішкендердің құтылып, шелек жалағандардың тұтылғанын айтты.
-Вот что бывает, когда вы боретесь с коррупцией, не надо бороться с коррупцией и все будет хорошо. У Уткульбаева зарплата 3,5, а сейчас 8 миллионов.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!