{metadescription}
Сарапшылар мұнай өндіруді азайтуға қатысты өз ойларымен бөлісті
Сарапшылар мұнай өндіруді азайтуға қатысты өз ойларымен бөлісті

Сарапшылар мұнай өндіруді азайтуға қатысты өз ойларымен бөлісті

Төл валютамыздың құны артуы мүмкін! Әзірге доллар бағамы – 311 теңге 59 тиын. Бірақ көпке ұзамай бұл бағам төмендей түседі деп отыр сарапшылар. Өйткені ОПЕК мұнай өндірісін азайту келісімін тағы 9 айға ұзартуға уағдаласты.     

Қара алтын өндірісін қысқартуды оны экспорттаушы 24 елдің бәрі қолдап отыр. Олардың 11-і ОПЕК-ке мүше емес. Ұйым осылай мұнайға сұранысты арттыра түспекші. Нәтижесінде қара алтынның құны барреліне 60-70 долларға дейін өседі деп күтілуде. Одан теңгенің нығаятыны белгілі. Қазір әлем халқы тәулігіне 96 миллион баррель мұнай тұтынады екен. Ал оның өндірісін азайту арқылы экспорттаушы елдер әрі қарай да пайдаға кенелмек. Өйткені соңғы кездері биржада Бренд маркалы қара алтынның бәсекелестері көбейген. Мәселен, АҚШ-та жер қатпарынан өндіріліп жатқан мұнай бар.

Валерий Палховский, сарапшы:

-Мұнайдың бағасы 60 долларға дейін көтеріледі. Ізінше теңге де өз құнын қайтарады. Біздің болжауымыз бойынша осы жылдың аяғына дейін доллар бағамы шамамен 300 теңгеге дейін төмендейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.